Өзбекстанда Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған кеш өтті

5.jpg

Өзбекстанда Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған кеш өтті

Өзбекстанның Термез қаласында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған «Жақсылық пен достықтың жаршысы» тақырыбында әдеби кеш өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Uza сайтына сілтеме жасап.

«Қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың шығармашылығын зерделеу және оны насихаттау туралы» Өзбекстан Президентінің қаулысына сәйкес ұйымдастырылған шараға ақын-жазушылар, ғалымдар, әдебиет сүйер қауым мен студент жастар қатысты.

«Өзбек пен қазақ халқы бұрыннан жақын көрші болып, достық пен келісімде өмір сүрген. Достық және әдеби байланыстарды нығайтуға Абайдың қосқан үлесі зор. Оның мейірімділікке, адалдыққа, достыққа, бейбітшілік мен келісімге үндейтін шығармаларын елімізде үлкен сүйіспеншілікпен оқиды. Оның халық тілімен жазылған «Әндері» - әдебиет қорында лайықты орнын тапты», - деп жазады агенттік.

«Жаһандану заманында жастардың Абайдың шығармашылығына қызығушылық білдіруі өте қуантады. Қазақ ақынының көпқырлы шығармашылығы жастарды Отанға деген махаббатқа, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үйретуде үлкен рөл атқара бермек», - дейді Сурхандарья облысының Адиб Собир Термези атындағы ақпараттық-кітапханалық орталығының жетекшісі М.Абдушукуров.


Ұқсас тақырыптар