Әйелді ұруға еркекті не мәжбүрлейді?

4.jpg



«Қайғы келсе қарсы тұр құлай берме,

Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.

Жүрегіңе сүңгі де түбін көзде,

Сонан тапқан – шын асыл, тастай көрме».

Абай.


«Шын хәкім, сөзің асыл – баға жетпес,

Бір сөзің мың жыл жүрсе, дәмі кетпес».

Мағжан Жұмабаев. 


Келешегім, Алаш ұл-қыздары!

Есті де текті адамның иығына түскен өмірлік ауыр салмақты қалай болған күнде де шыдамды кісілікпен жеңе білудің үлгі өнегесін оздыра білу кезеңі – ақыл-парасат пен төзімді қайраткерліктің, тәлім-тәрбиенің ұтқырлығы сыналар кезеңі де, жақсы мен жаман, есті мен ессіз мәңгүрт атаулының ара жігі айдай айқындалар кезеңі де екені естеріңізде үнемі болсын. 

Өлеңшіге өкім жоқ. Себебі қоғамдағы болып жатқан жүгенсіз азғындауға қатысты ел, ұлт, халық, ұрпақтың бүгінгі және болашақ қамы үшін өз пікірін ашық айтуға әрі құқылы, әрі міндетті.

Мемлекет іштен шектен тыс іріп-шіріп, аса қауіпті дәрежеде иістенуге байланысты ат қораға айналудың ақыры қай заманда да оның жойқынды кесапаттары зор болғаны тарихтан белгілі. Неге?

Өйткені қабілетсіз адам көпірме сөзге, құр уәдені үйіп-төгуге айрықша үйір келетіндігін, өтірік айтуға келгенде шебер, көзбояушылық жасауға келгенде аса іскер келетіндігін уақыттың өзі шүбәсіз дәлелдеумен келеді. Ендеше мұндай опасыз іс-әрекеттің салдарынан отбасылық тұрмыс-тіршілік тұралады, көтерем тұқым жұтады, тәлім-тәрбие, тәртіп құрдым құдығына құлады. Әркім өзінше өлместің күйін күйттеп, әупірім деп тіршілік кешуге мәжбүр. Бірақ, ай жарық, ең кедейі де, ең күйсізі де, үйсізі де... тек қана қазақ. Бүгін тұрғызылған баспана, мектеп, аурухана... ертеңіне құлап жатыр. Тағайындалған жаңа министр бір айға жетпей абақтыға жабылып жатыр. Қысқасы, көріпкел Абылайдың түсіне кірген қорқынышты эпизодты еске түсірсек, өмірдің шын анығы біз бітудің алдында тұрмыз.

Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды дегендей, ол ол ма, болашақ ұрпақты тәрбиелейтін мектеп мәселесі, мектептегі білім деңгейі, үштілділік деген саясат, кіріптар, күйсіз ұстаздардың  жұғымсыз жалақысы, елдегі экология, ауру-сырқаудың шектен шығуы, өлім-жітімнің көбеюі, дәрігеріміздің сорақы салғырттығы мен ауру кісінің қалтасын қағуға қатысты құштар надандық күйі, күн сайынғы қымбаттаудың жүгенсіз шарықтауы, кезінде дүркіреп гүлденген ауылдың молаға айналуы, қазақтың басы ауған жаққа босып кетуі, шенеунік халықтың қамын жеу емес, керісінше малын өлермендікпен жеудің шектен шыққан қайырымсыздығы... бұлардың бәрі-бәрі ақыл-есі түзу адамды да, жібі түзу қоғамды да бей-жай қалдыруы мүмкін бе? Сорақы сұмдық.

Міне, өңшең қабілетсіздік жайлаған қайырымсыз қоғамның кесапатынан, күллі ұлт, халық, ұрпақ өлшеусіз зардап шегіп, ел-жұрт бұрын-соңды естіп-көрмеген қылыстың түрлері шектен шығып, ушығып барады. Әлеуметтік теңсіздік пен әділетсіздік жайлы әңгіме тағы көп. Бір-ақ мысал. ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Жақып Асанов: «Екі миллиондай адам сот әуресімен жүр» дейді («Түркістан» № 5 (1227) 1 ақпан 2018 жыл. – 7 бет).

Осыған орай, өмірлік қиындыққа қарсы тұрар шыдамдылық танытуға қатысты, кез келген ауыртпалыққа төтеп беруге қатысты қазақ талқылайтын тақырып бастан асады. Аттың ері мойнына кетуге мәжбүрлеуден әрі аса алмайтын бүгінгі ұлтсыз жабайы қоғамның ұлтқа, ұрпаққа тигізіп отырған аса ауыр қасіреттерінің саны да көп, қатерлі зардаптары да шексіз. Соның бір дәлелі ретінде қазақ отбасында жиі кездесіп жатқан кикілжіңге қатысты аз-маз болса да тоқтала кетелік. Бүгінгі қазақ елі әрбір қазақ отбасын көреген өнегелі кемел іскерлікпен аман сақтап қала алсақ қана, ел басына күн туған кезде олар да елді аман сақтап қала алады.


Әйелді ұруға еркекті не мәжбүрлейді?


Келешегім, Алаш баласы, есіңізде болсын!

Өмір – теңіз, адам – қайық.

Өмірлік тіршілік барлық уақытта тақтайдың бетіндей тегіс, араның балындай тәтті болмайды. Өмір болған соң сан алуан қиындықтары – адыры мен бұдыры, суығы мен жымығы, қызығы мен шыжығы, шуағы мен шапағаты, қысқасы, бұның бәрі де кез келген шаңырақ иелерінде кездесетін өмірлік дүние.  

Десек те, кез келген қиын-қыстауға көне білген, тап болған өмірлік ауыртпалыққа төтеп бере білген, қажымас қайраткер, төзімді, шыдамды әйелдің ғана өмірлік бақыты баянды, жеңісті жемістері зор болатыны әу бастан әмбеге аян. Бірақ... 

Ұлт, ұрпақ үшін керекті дерек қажет пе? 

Егер қажеттілікті көріп отырған болсаңыз, қадірменді оқырман, ұлт, ұрпақ үшін аса қажетті дүниелерді көпшіліктің назарына бәріміз де бір кісідей жұмылып, үнемі ұсынып отырудан, елдің көкіреккөзін ашу мақсатында жан-жақты ағартушылық ұлы қызметінен жалықпай, қажырлы белсенділікпен ат салысқанымыз жөн болады.

Ендеше мендегі ұзақ зерттеу кезіндегі отбасы мәселесінің өзекті түп негізіне қысқаша ғана жүгінер болсақ, отбасында болатын қасіреттің көпшілік жағдайда, тіпті бәрі дерлік тек қана әйелдің ең алдымен тілінің ұзаруынан, өзін-өзі қатаң түрде қадағалап, айтқан сөздерін, істеген істерін терең талдай алмауынан... бастау алады. Жауапсыз, опасыз іс-әрекеттеріміздің түбі ерте ме, әлде кеш пе, әйтеуір жауығуды туғызбай қоймайды.

ХХІ ғасыр сахнасындағы Қазақ қыздары – Айналаңа қара! Құрған отбасың – оттан да ыстық, суытып алма!

Құдай аузына салған болар, немерем Асанәлидің бірде: «Бос мылжың сөз – ақылды адастырып, қатардан қалдырады, есептен жаңылтып, ұтымды пайдадан қағады» деген сөзі есте қалды.

Расында да, сөзі аз, үлгілі өнегесі орасан зор, ізденімпаз, кемел, кемеңгер адам отбасын кез келген қатардан, тіпті озық деген отбасының өзінен де оқ бойы оздыра алатыны даусыз ғой.

Барлық пәле «сен өйтпейсің де, бүйтпейсің... Өзгенікі – алтын, менікі – масыл» сияқты діңкілдеп ерегісті кесірге үндейтін, бастағы миыңды ағуға жеткізетін түртпектеген қырсық, қыршаңқы сөзден бастау алып, аяғы ұрыс-керіске айналады. Ұрыс-керіс алғашқы кезеңде сирек, кейін жиі, тіпті күнде, кейде сағат сайынға ауысады. Еркекке, әсіресе балаларының көзінше намысына тиетін боқтық сөздің небір анайы түрлері қарша борауға жетеді. Бұл өз кезегінде, сөз жоқ, әке-шеше арасындағы жылудың, әсіресе әке көңілінің сууына әкеп соғады. Отбасы жылуы мұзға айналып, қатыгездік орын алады. Мүлде жылымайтын қара тасқа айналып, ынтымақты жылудың қалпына қайта оралмас күйі жүрек түбіне ұялайды. Кектенудің бурадай бұрқасынын оятады, ұлғайтады, ушықтырады. Шыны шытынап, бомба жарылады. Ұрыс-керістен қашып, еркек қаңғыбас болуға, яғни үйге тек қонуға ғана келуді шығарады. Сонда ерін отырса – опақ, тұрса – сопақ етудегі әйелдің көксегені не? Есек ету ме? Әлде, үйден қуу ма? Бұл қандай даналыққа жатады? Қалай джегенде де, еркектің әйелге қол көтеру, бұл – текті тәрбиелік пен мәдениетті кісіліктің көрінісі емес. Құтырғаннан құтылған артық демекші, жауығу шектен тыс ушығып, іс насырға шаппай тұрғанда, сыйластық бар кезде, достық көңілмен, жөнге түспейтін, ақылға ермейтін, жетекке жүрмейтін, дана жолға шұғыл түрде түсуді ұқпайтын, өз өмірін оңға қарай өзгертуге мүдделі кісілікпен құлшынбайтын, тексіз кещеден, тәрбиесіз, білімсіз,  кесапатты, мәңгүрт әйелден құтылған жөн болатын сияқты. Өйткені ерлі-зайыпты жұп өзара ынтымақты татулық пен ауызбірліктен ажырағанда, үй-ішінің (отбасының) өмірлік тірлігі керітартпа алалыққа жеткенде, кереге толған бәле болады. Әйтеуір бір жағына шығуы қажет. Отбасына қарап бала өседі. Біз ұл-қыздарымыз бен немере-шөберелерімізге қандай текті үлгіні, өнегелі ұлағатты көрсетіп жүрміз осы? Ертеңгі күні олар көргенін қайталайды ғой. Міне, бұлардың бәрі де түптеп келгенде шектен шығып, еркек түбегейлі араққа салынуға, қылмыстық әрекеттер жасауға итермелейді, арты орны толмас ауыр қасіретке ұласады. Мұндай әйелден ертеңгі күні қандай ене шығады? Қасіреттің ең ауыры сәбилер өлшеусіз зардап шегеді, көңіл-күйі шектен тыс күйреп, денсаулық бұзылады, бақытсыз өмір кешеді. Қасқыр да ұясына қастық жасамайды. Әке-шешенің махаббат-мейіріміне бірдей қанықпаған сәбилердің келешегі қалай болмақ? Бұл сонда кімге тиімді? Не ұтты? Таяз ойлы, көкірек көзі соқыр, өрісі тар, талдауы жетім, опасыз қасиеттер қазаққа, әсіресе әйелге қайдан келді? Кімнен, қалай жұқты деп өзінен-өзі қатаң түрде емтихан алатын ақылды қыз-келіншектер бұл дүниеде табыла ма?

Адамзат баласында не көп, ой көп, мақсат көп. Алаш алыптары мен ата-бабаларымыз бізге міндетті түрде қапысыз орындауға қалдырған алтын аманаттары тағы көп.  Бірақ...  Ұлттық талап-тілектерді қанағаттандыратын әрекеттеріміз мүлде мардымсыз. Сондықтан біздің, бүгінгі исі қазақтың ең негізгі ұлы мақсаты – денсаулығы нық, ең мықты ұлт, жаһандық бәсекеге қабілетті, білімді, білікті, күрескерлік белсенділігі кемел, рухы асқақ, сапалы ұрпақ қалыптастыра білудің өнегелерін қайткен күнде де оздыра білу, дұшпанымызды күйіндіру, досымызды сүйсіндіру емес пе?!


Жақсы әйел – ырыс, жаман әйел – ұрыс


Сорлы, тексіз, кесірлі қатынға тап болсаң, күйкі өмірің жұтамай, ұл-қыздарың сорламай қалмайды.

Мәселен, отбасында әйел күйеуінің үнемі құлақ етін жеп, жүйке-тамырын мыжып, тезірек тозуға жеткізіп, тыныш жатқан жынын еріксіз қоздырып, ашу-ызасын шектен шығарып, түбегейлі күйреуге, отбасындағы жылылық құрып, жауығуға түсірмей қоймайтыны даусыз. Сөйтіп, ақырында еркек өз әйелін ұрып-соғуға мәжбүрлейтін, басқа да адасушылық әрекеттерге итермелейтін тек қана отбасындағы әйелдің кесірлі тілінен, тәрбиесіз мінезінен, ақыл-санасыздықтан, ұлтсыз, тексіз, тәрбиесіз, мәдениетсіз, мәңгүрт, көргенсіз болмысынан екені айдан да анық ақиқат.

Ақылы жоқ тәрбиесіз, мәңгүрт адамдардың – ел, ұлт, ұрпақты аздырмай қоймайтын кесапатты әрекеттері зор болады. 

Ол ол ма, қазақ қауымындағы қыз, әйел біткеннің бәрі де қит етсе «тең құқықтымын», «не істесем де өзім білемін» дейтұғын аса апатты өзімшіл айықпас дертке ұшыраған, ұлттық озық құндылық пен имани асылдық атаулының бәрінен де ажырау кесапатынан екені, сондай-ақ, әйел барлық уақытта өзін-өзі тек жоғары санап, отбасын үстемдікпен билеуге опасыз құмарлығының айрықша артуының апаты тағы бар. Қазақтың түбіне түбегейлі жетіп жатқан да осы апаттар. Сайып келгенде, мұндай әйелдердің қазақ ұлтына, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне, отбасына айрықша іңкәрлікпен кіршіксіз адал болу, ел, ұлт, ұрпақ қамы үшін мінсіз қызметтің ең озық өнегесін көрсете білу деген сияқты қағидалы ұғым-түсініктің де, патриоттық қасиеттің де олардың ой санасында, өн бойында мүлде болмайды. Жат елдің еркектеріне күйеуге шығып, байтақ елдің, ұлттың абыройын ессіз арсыздықпен аяққа таптап жатқан да, көрге тірілей көміп жатқан да солар. Қазақтық ұлылық пен даналылықтан қашатын мәңгүрттері өте көп. Ата тілі – қазақ тілін намыссыз, көргенсіз, мәңгүрт кещелікпен аяққа таптауды мақтан тұтып жүргендер солар. Сонда бұлар әке-шешесіз күйде өскен бе, қалай? Бар болса, ұлтсыз, көргенсіз қызымен қоса, олар қатаң жазаға неге тартылмайды? Бұларды күллі елдің алдында аяусыз әшкерелеу қажет емес пе?! Олар қай бетімен, қалайша жер басып жүр?

Міне, бұлардың бәрі – бұлтартқысыз шындық.

Сонымен қатар елді жайлаған ұлтсыз, тексіз, тәрбиесіз, күрессіз... еркек өз отбасына да, Отанға да тірек бола алмайды.

Шындығында да ұлтсыз, жігерсіз, күрессіз, мәңгүрт еркектің өзінің отының басына ие бола алмауының, бала-шағасын өнегелі ұтқырлықпен басқара алмауының кесапаттары жайлы ең қасіретті әңгіме өз алдына ерекше бір төбе. Өйткені бүгінгі еркекке қатысты мәселе – өткен тарихымызда бұрын-соңды болып көрмеген сорақы сұмдыққа айналып отырған, теңдесі жоқ жойқынды ұлттық қасіретке айналып отырған, ең өзекті мәселе, міне, осы.

Бұларды мемлекеттік дәрежеде шұғыл түрде қолға алып, шешу қажеттігі кезек күттірмейтін стратегиялық  өзекті тағдыршешті мәселелердің бірі.

Апыр-ай, шындық қаншама аса ауыр болса да, істеген опасыз әрекеттерімізді дер кезінде мойындай білудің өзі де, бұл – ерлік. Кейін сол опасыз бағытты шұғыл түрде жақсы жаққа қарай өзгертуге, жаңаша озық өмір сүруге, өзін-өзі жетілдіре білуге құлшына білудің өзі де, бұл – ірі кісілік.

Қазақ қауымында «Адасқанның айыбы жоқ – қайтып үйірін тапқан соң» дейтін аталы сөз бар. Демек, әйел болсын, мейлі еркек болсын өз қатесін өзі біліп, ақыл-есін, етек-жеңін ыждаһатты күймен жинап, серіппедей серпіліс пен сілкініске түсіп, өмірлік бәсекелі жарысында қатар-құрбы, замандастарынан оқ бойы өзін де, бала-шағасын да оздырып жатса, бұл – теңдесі жоқ ғанибет қой! Сонда ғана ендігі жердегі өміріміз жаңа бағыттың озық жаңаша арнасына тезірек түсетіні ақиқат. Қысқасы, бүгінгі қазақ еліне «Алаш отбасын асылдандырмай өлмеймін!» деп аттан бір сәтке де түсуді білмейтін қажымас көкжал қайраткер, текті ұлдарымызды, тәрбиелі қыздарымызды бұрын-соңды болмаған дәрежеде қаулата білу ауадай қажет.

Әлбетте, қайткен күнде де, өмірлік ағымды озық дәрежеде жаңаша жаңарту мен жақсарта білуге ыждаһаттықпен құлшыну, биік белестерге мүдделі іңкәрлікпен ұмтылу, бұл – жақсылықтың нышаны.

Ең бастысы әйел бақыты – отбасы бақыты екенін дұрыс ұғынып, терең түсініп, сол айтулы үздік бақытқа қалай болған күнде де қол жеткізе білу жолында жанқияр мүдделі кісілікпен күресе білу, бұл – бақыт атаулының ең ұлысы.

Сондықтан да ендігі ағымдағы уақыттың бәрінде адастырмайтын ұлттық ұлы компосты қолға ала отырып, даналық пен ұлылықтың сара жолына түсу үшін, төмендегі ақыл-кеңестерді қазақ қыздарының, әсіресе отбасын құрған әйелдердің назарына ұсынғанды жөн санадық. 

Сөздің шыны керек, ұсынғалы отырған жанашырлық ақыл-кеңестеріміз қазақ қыздары, ұлтсыздықпен, тексіздікпен, тәрбиесіздікпен... мәңгүрттенудің аса ауыр кесапатты қасіреттерінен шұғыл түрде арылып, ұтымдылықпен жаңаша жаңғырудың да, жаңарудың да, асылданудың да, кемелденудің де ең төте жолы, дана бағыты екенін көрсету.

Әлбетте, өзінің ұл-қыздары мен немере-шөберелерін қатарынан қайткен күнде де оздыра білуге қатысты мүлде мүддесіз, күрессіз, ұлтсыз, тәрбиесіз, тексіз, білімсіз, біліксіз, надан, дәрменсіз... дәрежедегі туған мәңгүрт әке-шешемізден, ата-әжемізден міндетті түрде оза білуіміз керек. Ол үшін ең алдымен, әрине, ақыл-парасаты, білім-білігі жетік болса, бойжеткен қыз заман талаптарына сай өзін-өзі ізденімпаз талғамдықпен тәрбиелей білуге, үнемі жетілдіре түсуге қатысты, тілі мен мінезін, ой санасы мен өмірлік таңдауын қатал тезге сала отырып, жөнге түсіріп, дана жолдың сара арнасына сала білу, ақырында қатар-құрбы, замандастарынан оқ бойы оза білу, бұл – текті кісіліктің белгісі. Бұл – кемел ізденімпаз, қайсарлықтың айнасы. 

Сонымен...


Ел үлгі-өнеге тұтуға, 

ұлт анасы болуға қандай әйел лайық?


«Баланы ақыл айтумен қайырымдылыққа тәрбиелеу қиын.

Жеке бастың үлгілі өнегесімен тәрбиелеу әлдеқайда оңай».

Сенека.


Әйел тілі қысқа, кешірімпаз,

Әдебі нұсқа, білікті талғампаз,

Отбасын сақтай білуде сабырлы,

Түсіністік пен ұстамдылықта шыдампаз,   

Ашу-ұрысқа түспейтін ізденімпаз,

Өсек-аяңға ермейтін озық тәрбиелі, 

Азғындауға бармайтын салмақты, 

Мейірім нұрын айнала төгетін ақылды әйел, 

Алаштың тұқымын көктетіп, өрбітуге құмар,

Отбасын қайткенде де бақытты етуге құштар, 

Адал ананың ақ уызына толыққанды жарыған, 

Инабатты, ибалы қыз, әйел, бұл – ең дана әйел! 

Мұндай әйел – ұлт анасы болуға ең лайықты әйел!

Бұндай текті әйелі бар қазақтың отбасы өнегелі,

Ұл-қыздары мен немере-шөберелері ұлағатты, 

Қоғамдық ортада абырой-беделі аса жоғары, 

Өмірлік бақыт жұлдызы қашанда асқақ болады.

***

Иманды болу, ибалы болу – әр әйелдің парызы, 

Ердің даңқын шығару – әйелдің ол бір қарызы.


Келешегім, Алаш ұлы мен қыздары, есіңізге сақта!

Дүниенің көрінген сырын да, көрінбеген сырын да көреген текті кісілікпен қатар игере білген адам ғана озық дәрежеде өмір сүре алады. 

Сіздер, ерлі-зайыптылар, отбасында ең алдымен бір-бірлеріңізді мінсіз дәрежеде жанқияр дәрежемен қорғай білуге келгенде, қастерлей білуді оздыра білуге келгенде теңдесі жоқ ұлттық тұлғаға айналуға, кемеңгер пана болуға айрықша міндеттісіздер. Адасуға ешқандай да қақымыз жоқ. Өйткені, Ар алдында – Дар алдында тұрсыздар. Бұны өле-өлгенше ұмытпа! Бұл – бір. Екіншіден, ұлттық намысты мінсіз қорғай білуде, арды кіршіксіз сақтай білу де, отбасын бақытты ете білу де – ерлік! Үшіншіден, текті көрегендік пен есті кісілікке лайық даналылығы мен өнегесі зор, ұлағаты мол, ізденімпаз да кемеңгер әке-шеше бола білу, қалдырған ізі ұрпаққа өнеге, өсиеті үлгі, абыз ата-әжеге айнала білу – нағыз кемелдік! Төртіншіден, өткен ата-бабалармен емес, ендігі жерде, ХХІ ғасырда тек қана текті, жан-жақты білімді, білікті, кемеңгер тұлға етіп өрбіткен ұл-қыздарымызбен, немере-шөберелерімізбен, шәкірттерімізбен ғана әлем алдында тік тұрып мақтана алатын, марқая алатын алтын үрдістерді тезірек орнықтырып, оздыра білу – көсегені көркейтетін көсемдік! Бесіншіден, күллі ұлт, халық, ұрпақ алдындағы қарызымыз бен парызымызды мінсіз дәрежеде өтей білу – қыл көпірден сүрінбей тек қана аса айрықша мәртебелі абыроймен өте білу екенін ешқашанда ұмытпа, алтын келешегім! Алтыншыдан, «Қазақ елі, әлемдік 30 елдің қатарына, тек қана 30 миллион қазақпен қосыл!» пәрменді ұлттық ұлы ұсынысты жүзеге тезірек асыру мақсатында бәріміз де жұдырықтай жұмылып, ерекше жанқияр белсенділікпен атсалысу – бар қазақтың алдында тұрған ең алтын әрі ең ұлы міндет! Жетіншіден, қазақ халқы көреген де кемел, текті кісілікпен тек көшбасшы болуға лайық кемеңгер ұл-қыздарды қаулата білуге ғана жаралған!

Ағаш жапырағымен ғана көрікті, 

Адам ұрпағымен ғана көрікті. 

Қазақтың ең жарқын болашағын баянды ететін – көп балалы алтын құрсақ аналар екені айтпаса да түсінікті. Десек те, қазақтың санының өсуі де, өшуі де, өз ұлтын жанындай ерекше күймен сүйе білетін, патриоттық рухы асқақ, ұлттық намысы зор, есті де текті қыз-келіншектердің ұрпақты көбейте білуге деген ерекше мүдделі белсенділігі мен қажымас қажырлы азаматтығына байланысты. Сонымен бірге ұлттық ой санамыздың да, оның сапалық құндылығының да шектен тыс құрдымға жетуі немесе жаңа асыл деңгейге жаңаша көтерілуі алдымен отбасымыздағы, қоғамдық ортадағы әйелдерге байланысты.

Иманға, тәубеңе кел, аяулы ару, сүйікті қыз-келіншектер!

Сіздер қоғамның гүлісіздер! Ерте солмаңыздар, ұлт келешегін терең ойлаңыздар. Сіздер ең мейірімді апа, жанашыр қарындас, мәңгілік асыл жар, аяулы да ардақты ана, өнегелі алтын әжесіздер. Жаңа ғасыр – жаңа жаңашыл жасампаздық пен бастамашыл жаңа патриоттың айрықша белсенділігін күтеді. Отбасында өз ерлеріңізді қастерлеп, құрметтей біліңіздер, сүйіңіздер. Қоғамды, әсіресе еркекті терең тебіреніске, жаңа сілкініске түсіре отырып, бірге сырласыңыздар! Бір-бірлеріңізге айнымас жанқияр тірек, суыспас мәңгілік сүйеніш бола біліңіздер. Адамзатта көп балалы ана бола білу, әкелген ұрпағын бақытты ете білу қамына қатысты, теңдесі жоқ ең игілікті ұлы істердің ішіндегі әйел бақыты – әлемдік ең ұлы бақыт!

Өмірге көп бала әкелу – өмір мен өлімнің арпалысқан сәттегі ең қауіпті қыл көпірлі тажалынан аман қалу, кейін оларды қажымас ізденімпаз іскерлікпен аяғына тұрғызып, көреген кемел кісілікпен сан салаға еркін самғата білу, бұл – көзсіз ерен ерлік екенін жақсы түсінеміз.

Алайда, соғыста батыр болу – бір сәттілік, уақытша ғана батыр. Адал, шын батыр – өмір бойына, өле-өлгенше жанқияр халықшыл, шыншыл, турашыл, күрескер, қайраткер болады. Бүкіл ел, ұлт, ұрпақ, шәкіртті бақытты ете білу мақсатында өмірлік шындық үшін шайқасып, ақиқат үшін айқасып, аттан бір сәтке де түспей тәуелсіз елдік үшін алысып өтеді. Ұлт, халыққа, ұрпаққа аса тиімді әділ құрылымды ұтқыр дәрежеде оздыру жолында басын бәйгеге тіге білудің ең озық үлгі-өнегесін оздыру қамына бар өмірін, күш-қуатын сарқа арнайды. Қаһарман батыр – күрескер батырлық пен принципшіл асыл азаматтықтың озық үлгі-өнегелерін бүгінгі және келешек ұл-қыздарымыз бен немере-шөберелеміз, шәкірттеріміз үшін үнемі жетілдіре отырып, құрыштай шыңдап, теңдессіздікпен оздырып өтеді. Бұндай ең құдіретті қабілет-қасиетке лайық нағыз текті батыр, бір сәттілік ұпай мен байлық, атақ-сыйлық үшін халықшыл азаматтыққа мүлде қарсы екіжүзді сатқындыққа, жағымпаз опасыздыққа, ... өлсе де бармайды. Керісінше, ұлтсыз, тәірбиесіз, біліксіз, парақор, дүниеқор билікті, тексіз ұлды, тәрбиесіз, әдепсіз қызды қатаң тезге салмай, дана жолға түсірмей өлмейтұғын текті ақсақалдықтың орасан зор рухтық құдіретін бұрынғыдан да бетер айдай айшықтап оздыра түседі. Қазіргі таңда өкінішке қарай, ХХІ ғасыр сахнасында бүгінгі қазақ елі мұндай есті де текті, кемел де адал ақсақал атаулыға аса айрықша дәрежеде зәру елміз. Өйткені батырға лайық нағыз жанқияр халықшыл, әділ де турашыл, есті де текті, кемел ақсақал мен қаһарман батыр атаулының түбегейлі құрдымға кеткелі қай заман?!

Ал Сіздер, ақ жаулықты аналар, мәңгі қаһарман батырсыздар! Сіздер шын мәнінде жанын қияр күйдегі күрескерсіздер! Сіздер қажымас қайсар қайраткерсіздер! Сіздер өмірлік қаһарман батыр бола білудің алтын символысыздар! 

Ендеше ұлтыңды қайткен күнде де ең бақытты, теңдесі жоқ өнегелі де үлгілі ұлтқа айналдырудың мақсатында Мәңгілік Елдікке лайық көп бала өрбіте білудің теңдесі жоқ даналығы мен ұлылығын жаңаша оздыра түсіңіздер!

Сіздердің мәңгілік алтын қазыналарыңыз – отбасыңызға, сүйіктіңізге, бала-шағаңызға, әсіресе күйеуіңіздің жанбауырлары мен туыстарына, достарына деген ешқашанда суыспайтын ең ынтық да ең ыстық махаббатты берік сақтай біліңіздер! 


Мақсатсыз өмір – тұл


Парасатты адам өзіне не қажет екенін, текті кісілік пен кемелдікке қол жеткізу жолын жақсы біледі. Парасатты ақылды адам ұрыс-керістен, кикілжіңнен басын алып қашады. Сондықтан көрегенді текті кісілікпен ұрыс-керістің... үнемі алдын алып отыруға озық дәрежеде дағдыланады. Кез келген мәселені мәдениетті бәсең дауыспен талқыласа, парасатты ақылмен шешімін тапса, суыспайтын сүйіспенді түсіністік пен шуақты тыныштық орнайды. Сонымен бірге әр әйелдің өз отбасында көркем мінезділігі, салмақты сабырлығы, кең жүректі ақылдылығы, ақ жарқын кешірімпаздығы, бекзат адамгершілігі мен асыл азаматтығы анағұрлым басым дәрежеде өнегелі бола білу, бұл – шипалы әйел күйеуіне мейірімді анасындай болып кетеді. Бұндай әдепті, мәдениетті, шипалы әйелдер өз отбасын бақытты етпей қоймайтын ең бақытты әйелдер! Бұндай есті, текті әйелдер бүкіл ел-жұрт үлгі тұтатын айтулы өнеге айнасына айналады. Демек, бұлар кемел, мінсіз, текті әйелдер. Бұлардың әрқайсысы кез келген қыз-келіншек үлгі тұтуға да, еліктеуге де тұрарлық тұлға. Бұларға қарата Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Ерлердің арасында кемелдікке, мінсіздікке жеткендері көп, ал әйелдердің арасында кемелдікке жеткен төрт әйел бар. Олар – Имранның қызы Мәриям (радиаллаһу анху), Мұхахимнің қызы, Перғауынның әйелі болған – Әсия (р.а.), Хуайлидтің қызы, хақ мұсылмандардың анасы саналатын Хадижа (р.а.) және Мұхаммед (с.а.с.) қызы Фатима (р.а.) деп айтып, үмбетінің осы әйелдердің өмірін үлгі тұтуға кеңес берген». Өйткені, олар өле-өлгенше көркем мінезділік пен иманды кісіліктің ең жоғары шыңына шыққан жандар.

Қорыта келгенде айтарымыз: «Шығармашылық иесінің бақыты – тақырыбын табумен байланысты» демекші, Ұлы Даланың қазақ ұрпағының, әсіресе аруларының ең ұлы мақсаты – ХХІ ғасыр сахнасында өз дара жолын қапысыз тауып, дана жолдың сара арнасына түсіп, қазақ деген Мәңгілік елдің Көкбайрағын көкте желбірете білу, бүткіл ел, ұлт, ұрпақ, отбасы мәртебелі абыройы мен мерекелі мерейін асқақтата білу бағытында әлем жұртшылығын таңқалдырмай қоймайтын дәрежеде бола білу болса керек. Яғни үрім-бұтақтарыңыз бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде еселене көбею үрдісімен өркені өссін, Алаш жұрты!

Адам, әсіресе ерлі-зайыпты жұптың әрқайсысы өмір бойына, өле-өлгенше өзіне-өзі өнегесі ұтқыр, ұлағаты орасан зор, озық дәрежеде ұстаз бола білу – көреген кемеңгер, іскер кемелдіктің белгісі. Ендеше өмірлік ең озық өнегемен ғана Мәңгілік Елдіктің шыңына ұдайы желпінудің арқасында қол жеткізе біл, қайран, қазақ!

Олай болса, осынау ұлы жолда аянбай өлшеусіз тер төгіп, елеулі үлес қосып, Қазақ елінің болашағын баянды ету, Тәуелсіз елдігімізді тұғырлы қып, мәңгілік өркениетті ел боп қалыптаса білудің жолында намысты жандырып, мінезді түзеп, бірімізді-біріміз өнегелі қайсар белсенділікпен үнемі қамшылап, жаңаша озық та өнегелі, үлгілі өмірмен алға нық қадам басуымыз қажет! 

Көсегеміз айрықша көгеріп, көркейіп өркендеген, гүлдей жайқалып жайнаған іргелі ел боламыз десек, алдымен отбасындағы ерін қастерлей білуде жаман аты шықпайтын тәрбиелі, көркем мінезді, иманды, ибалы, инабатты, текті қызды, сондай-ақ отбасына, бала-шағасына жанқияр дәрежемен мінсіз қорған бола білуге лайық күрескерлік қайсар өнегесі зор, кемел де іскер ұлды ұдайы жетілдіре отырып, тиянақты ыждаһаттылықпен қаулата білейік, қазақ!

Бұл әке-шешелер мен ата-әжелер үшін теңдесі жоқ мәртебелі абырой және екі дүниенің де ең жарқын бақыты!

Молдағали МАТҚАН,

Қазақстан Журналистер 

Одағының мүшесі.

Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар