Әйгілі жапон продюсері Алматыда «Барымташылар» атты фильм түсіреді

5.jpg

Қазақстан-жапон бірігіп түсіретін «Барымташылар» көркем фильмінің түсірілім жұмысының басталуына орай әйгілі жапон кинопродюсері Сёдзо Итияма Алматыға ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, «Барымташылар» фильмін қазақстандық режиссер Ерлан Нұрмұхамбетов пен жапон режиссері Лиса Такеба бірлесіп түсірмек. Фильмнің түсірілім жұмыстары Алматы облысында 1 қыркүйек күні басталады.

«Сёдзо Ичияма - «Tokyo Filmex» азиялық кинофестивалінің негізін қалаушылардың бірі. Оның проюсерлігімен Такеши Китано, Цзя Джангке, Хоу Сяосянның кинолары түсірілген. Сёдзо жиырмаға тарта әйгілі фильмдердің продюсері. Ол кинокартиналардың көбі Канн, Венеция және Берлин кинофестивальдеріне қатысқан», - дейді жобаның бас менеджері Қарлыға Сейсенова.

Фильмде 71-ші Канн кинофестивалінің жүлдегері Самал Еслямова, театр және кино актері Дулыға Ақмолда мен жапон актеры Мирай Морияма түседі.



Ұқсас тақырыптар