Алматыда суретшілер көрмесі ашылады

IMG_20180905_155558.jpg

14 қыркүйек күні, сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының 85 жылдығы мен Алатау ауданының 10 жылдық мерейтойына арналған суретшілер көрмесі өтеді. Бұған дейін «Ғасырлар тоғысындағы ұрпақтар жалғасы» атты республикалық көрменің бірінші бөлімі ашылған болатын.

Осыдан 90 жыл алдын 1928 жылы өзінің алғашқы көшпелі көрмесін бейнелеу өнерін дәріптеуден бастаған тарихы терең суретшілір одағы бұл күнде 1200-ден астам мүшесі бар үлкен мекеме, Қазақстанның түкпір-түкпірінен ондай-ақ Астана, Тараз, Талдықорған, Қарағанды, Павлодар, Петропавловск, Ақтөбе,м Ақтау, Атырау, Орал, Қызылорда, Шымкент, Түркістан және Семей қала-өңірлерінен Қазақ өнерінің өркендеуіне елеулі үлес қосып келе жатқан 150 суретші қатысқан бқл көрмеге көркемөнер, графика, мүсін және қолөнер туындылары қойылды.

14 қыркүйекте көрмеменің кең ауқымды екінші бөлімі Алматы қаласы «Қала күні» іс-шарасымен бірге ALMATY ARENA аумағында ALMATY ART-CENTER көрме залында 16:00-де қала қонақтарымен өнерсүйер қауымды өзінің арманы асқақ, сезімі биік, шабытқа толы туындыларымен тәнті етуге шақырады.

Бұл күндері жыл соңына дейін ТРЦ GRAD PARK аумағындағы көрме залында Алматы қаласына арналған  «сүйікті қалам – Алматы»  атты ҚРСО-ның 85 жылдық мерекелік көрмесі жалғасын табады.

Толық ақпарат үшін: 87082774818 Шаттық.


Ұқсас тақырыптар