«13 шақырым» деректі фильмі Сербиядан жүлделі оралды

3.JPG

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «13 шақырым» деректі фильмі Сербияның Крушевац қаласында қыркүйектің 25-і мен 28-і аралығында өткен Халықаралық «Рухы биік» («Сильные духом») православиелік фильмдер фестивалінде арнайы жүлдемен марапатталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«13 шақырым» деректі фильмі Серік Боданбаев есімді зағип туралы баяндайды. Қыстаудан өз ауылына қарай бет алған басты кейіпкер өз өмірінің елеулі сәттерін еске алып, өз бойындағы құндылықтарының сырын ашады.

«Бұл біздің картинаның үшінші жүлдесі. Осындай жетістітерге жетіп отырғанымызға өте қуаныштымыз. Фестивальдің ұйымдастырушыларына және фильмді тамашалауға келіп, басты кейіпкердің өмірі туралы өз ойларымен бөліскен көрермендерге алғысымды білдіремін», - деді фестивальде өз фильмін таныстырған режиссер Владимир Тюлькин.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр «13 шақырым» фильмі Бразилияда өткен Халықаралық «Еңсеру» («Преодоление») кинофестивалінде арнайы жүлдеге және Екатеринбург қаласында өткен ХХVІІІ «Ресей» деректі кино фестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды.


Ұқсас тақырыптар