Данэлия Төлешова Eurovision байқауында орындайтын қазақша әніне клип түсірді (ВИДЕО)

3.jpg

Украинада өткен «Голос.Дети» байқауының жеңімпазы, жас әнші Данэлия Төлешова шығармашылығындағы жаңалығымен қуантты. Ол қазақша-ағылшынша әнге түсірген бейнебаянын ұсынды деп жазады Stan.kz.

Тың туынды «Өзіңе сен» деп аталады. Бұл – Данэлияның репертуарындағы екінші әнбаян.

Трек қазақ және ағылшын тілдерінде жазылған. Бір қызығы, қазақ тіліндегі ән мәтінінің авторы Данэлияның өзі екен. Ол әннің сөзін Камила Даировамен бірлесіп жазған. Ал туындының сазы мен ағылшын тіліндегі мәтін украиналық авторларға тиесілі.

Айта кетейік, күні кеше жарыққа шыққан бейнебаянды 13 мыңға жуық жан тамашалап үлгерген. Олардың басым дені Төлешованың жаңа жұмысын жоғары бағалап, табыс тілеуде.


Ұқсас тақырыптар