Алматыда суретшілер көрмесі өтеді

7b440e69eca3d8bb17a2de7fe046ca3e.jpg

Ертең Алматыда қалалық пленэр конкурс-көрмесі өтеді, деп хабарлайды Mezgil.kz ақпарат агенттігі.

Аталған шара Қазақстан Суретшілер одағының 85-жылдығы аясында «Алмату-Алма-ата-Almaty» тақырыбында өткізіліп отыр.

«Алматы күні қарсаңында қаланың бірқатар суретшілері пленэр өткізіп, қаланың әсем табиғатын, көнеден келе жатқан ескі ғимараттар мен жаңадан бой көтерген әдемі нысандарды бейнелеген болатын. Олардың қатарында Алесей Уткин, Ғани Баян, Хамит Файзулин, Нұрлан Қыйлыбай, Жамбыл Натбаев, Ғалия Мақашева, Батан Шаттық, Света Цой, Зарина Чукитаева, Алмас Нұрқожаев сынды қылқалам иелері бар. Енді осы суретшілердің пленэр аясында салған жұмыстары көрмеге қойылып, жұртшылыққа паш етілмек», -дейді ҚР Суретшілер одағының жауапты хатшысы Жамбыл Нәтбаев.

Көрме Қабанбай көшесі бойындағы Алматы музейінде өтеді. Шараның салтанатты ашылуы 10 қазан күні сағат 16.00.

a34f1a38763551686a1fba978c271cbe.jpg


Ұқсас тақырыптар