Алматыда суретшілердің көрмесі ашылды

f002afc897346ab8df82b40a819ef1c4.jpg

Қала күніне орай «Алмалы-Алма-Ата-Almaty» тақырыбында өткен бейнелеу пленэрінің қортындысы бойынша көрме ашылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Аталған шараны Қазақстан Суретшілер одағы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізген. Суретшілер 10 күн бойы қаланың әр түкіпірінде жұмыс істеп, көне ғимараттар мен жаңадан бой көтерген нысандарды бейнелеген. Суретшілердің қылқаламынан туған ескі және жаңа ғимараттардың бейнесі қала тарихынан сыр шертеді.

6572de144eefd475ff204113cce8e9b8.jpg

Көрменің ашылу рәсімінде Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет және мұрағаттар басқармасының өкілі Назерке Аманбаева сөз сөйлеп, суретшілерге ізгі тілегін білдірді.

«Тамыры терең, дәстүрлі мәдениетіміздің ерекше бір саласы бейнелеу өнері. Бұл қалалық пленэр, байқаулар келешек ұрпақ үшін және мәдениетіміздің рухани дамуы жолында атқарылып жатқан игі істер», - дейді ол.

b1ebd17b2e2ee54f3ca3ed9f28b92d18.jpg

Суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Жұбаниязов аталған пленэрге он суретші іріктеліп алынғандығын және осы шара аясында салынған жұмыстар бойынша алдағы уақытта кеңейтілген көрме ұйымдастырылатынын жеткізді.

f1d0a0df943d31d51cc366d75beff530.jpg

«Бұл шараны өткізу үшін Суретшілер одағының хатшылығымен 10 суретші таңдап алынды. Олардың қатарында Алесей Уткин, Ғани Баян, Хамит Файзулин, Нұрлан Қыйлыбай, Жамбыл Натбаев, Ғалия Мақашева, Батан Шаттық, Света Цой, Зарина Чукитаева, Алмас Нұрқожаев сынды қылқалам иелері бар. Бүгін осы суретшілердің пленэр аясында салған жұмыстары көрмеге қойылып, жұртшылық назарына ұсынылуда», -дейді Ө. Жұбаниязов.

7af228ce71ed8c7d0c66d776d6d1d1ee.jpg

Пленер-байқаудың нәтижесінде бірқатар суретшілер марапатталып, ақшалай сыйлықтар табысталды.



Ұқсас тақырыптар