«I'm a Singer Kazakhstan»: кіл мықтылар ғана қалды

IMG_9270.JPG

 «I'm a Singer Kazakhstan» таланттар шоуындағы талас-тартыс күн өткен сайын қыза түсуде. Қазір шоуда тек мықтылар ғана қалды, олардың мүмкіндіктеріне  «I'm a Singer Kazakhstan»  шоуының қазылар алқасы баға береді. Осы жексенбі 19.00-де «31 арнадан» тамашалаңыздар!  

Әрбір шығарылым жаңа бір жұлдыздың бағын жақса, нағыз әділ қазылар қатысушылардың өнеріне баға беру арқылы сайыстың көркін қыздырып отырады. Олардың бірі – қазақ эстрадасының «ерке қызы», тура мінезімен ерекшеленетін Мақпал Жүнісова өткен жексенбіде қазылар  алқасының құрамына қосылды. 

Байқаудың жаңа турында қатысушылар сахнаға жұп болып шығып, дуэт айтады. Ән шырқалып болған соң қазылар келесі кезеңге екі әншінің қайсысы өтетінін анықтайды. Ең үздік әнші деген атаққа таласқан әншілер әрбір жаңа шығарылым сайын жаңа серпінге ие болып, көрерменнің делебесін қоздыруда. Бұл жолы көрермендер де тек қана бір әншіге дауыс бере алады. Шоу соңында көп дауыс жинаған қатысушы сайыста қалып, жеңілген әнші шоумен біржола қош айтысады. 

«Бұл шоуда өзінің әнші екеніне шын жүрегімен сезінген орындаушы ғана жеңіске жетеді», - дейді белгілі әнші, қазылар алқасының мүшесі Сәкен Майғазиев. Айтқандай, Сәкен мырза мойнында үлкен жауапкершілік барын түсінгендей. Өйткені бұған дейін Мақпал Исабекова, Эльхан үшеуі таңдаған әншілерге бұдан былай аса құрметті Мақпал Жүнісова төрелік ететінін  жақсы біледі. Олардың таңдауына Мақпал ханымның көзқарасы қандай болар екен?    

Бұған дейін талайларды тамсандырып, жұлдыз деген атқа ие болып үлгерген қос әнші Роман Ким мен Роза Мұқатаева осы шығарылымның да ең тамаша жұбы атанды. Бұрын Романды тек қана теледидардан көретін Роза өз ойын былай жеткізді: «Романмен дуэт айту керемет ләззат сыйлайды. Ол нағыз әнші, әнді жүрегімен шырқайды. Мен оны қатты құрметтеймін, екеумізден өте жақсы дуэт шығатынына сенімдімін. Бұл жолы екеуміз халық әні «Арман-айды» орындаймыз. Мен бастаймын, Роман жоғары ноталарды алады». Ал Роман болса: «Мен үшін бұл әнді орындау үлкен жауапкершілік. Оны жай орындамау керек, жүрекпен түйсіну қажет», - дейді. «Романнан кейін ән салу мүмкін бе?» - деп күлді Роза.  

Жексенбі күні Роман Кимге көрермендер 66 ұпай берсе, Розаға 34 ұпай ғана бұйырды. Қазылар да 100 пайызға Романды қолдады. «Маған Романның орындауы қатты ұнады», -  деді Мақпал Жүнісова. – Роза ренжімесін, даусы жақсы болса жақсы шығар. Бірақ мен сені бұрын еш жерден көрген емеспін. Сондықтан айтарым, бұл ән сізге келмейді». Роза, бұл әнді орындау барысында Романның тембрі сізге қарағанда қызықтырақ, жақсырақ болды, - деді әріптесінің сөзін қостаған Мақпал Исабекова. – Бірақ дуэт әдемі шықты». 

«Рақмет. Нағыз қазақ қыздарына тән жомарттық!» деп әзілмен қағытты жүргізуші.  

 Әйткенмен, таланттар шоуы – шынайы, әділ әрі қатаң бағаланатын орындаушылар арасындағы тартысты сайыс. Оны Сильвия мен Джавидтің дайындығы мен ән орындауынан да анық көруге болады. Дайындық кезінен-ақ Сильвияның әріптесіне көңілі толмай, жүйкесі жұқара бастады. Көңіл-күйі болмаған әнші бірнеше рет дайындыққа қатыспай кетіп қалды. Кейін өзі мойындағандай, оған орындайтын түрік тіліндегі ән аса ұнамапты. Өйткені бұл ән шығыс нақышында ән орындап үйренген Джавидке оңайға соғыпты. «Оның жанында мен қарапайым әнші сияқты болып қалдым», - деп жылап жіберді Сильвия. Ал негізінде, Джавид айтпақшы, кейін әншінің өзі де түсінгендей, Сильвияның даусы жақсы болғанымен, бойында өзіне деген сенімділік жоқ екен. Джавидпен бірге дайындық кезінде бойжеткен соны бірден сезген.  

 Қатысушылардың тағдырына алаңдасаңыз, осы жексенбі 21.00-де «31 арнадан» шоуды өткізіп алмаңыз. Естеріңізге салсақ, бұл жолы жүлде қоры – 50 миллион теңге. Оған қоса, ән жазу, бейнебаян түсіру, жеке концерт ұйымдастыру сияқты әрбір әнші армандайтын сыйлық тағы бар. Ал қазылардың арнайы сыйы – автокөлік.  


Ұқсас тақырыптар