«I`m a singer Kazakhstan»: финал жақындап келеді!

2K1A3416.JPG

"I`m a Singer Kazakhstan": көрермен кімді таңдайды? 

"I`m a singer Kazakhstan" мегажобасында шырқалған әндер сайын даламызды жаңғырық іспетті кезіп жүр. Алайда әні-міне дегенше мәреге де жақындап қалдық. 

 Осы жексенбі, 25 қараша 21.00-де 31 арнаның эфиріне мегашоудың он екінші эпизоды жарыққа шығады.  

11-ші шығарылым өте тартысты өтті. Қатысушылар мықтылардың мықтысы атану үшін демін ішіне тартып қазылардың шешімін күтті. Жобаның қатаң тәртібі ешқайсысына арқаны кеңге салуға мұрсат берер емес. Ал жобаға іріктелген тоғыз қатысушыдан ат төбеліндей төрт әнші ғана қалды. Сонымен, 4 орын кімге бұйырады? Жобаның басталғанына 10 апта болыпты. Осы аралықта қазылар Қазақстанның намысын абыроймен қорғайтын еліміздің ең үздік әншісін таңдауға тырысып келеді. 

Мысалға, алдыңғы турда Александр Лим атты қатысушыға тағдыр үлкен сый жасады. Ол ерекше орындаушылық шеберлігінің арқасында  «I am singer Kazakhstan» жобасының Green Room-на түсті. Сөйтіп финалға берілетін төрт жолдаманың бірін алғаш болып ұтып алды. Оның хикаясы мұнымен бітпейді. 

IMG_9232.JPG

Ал Сильвия Андреаналариманга көрермендердің тарапынан оң баға алғанымен Эльхан Ахмедов және Мақпал Жүнісова сияқты қазылардың қатал сынына ұшырап, қатты қобалжыды. Алайда соған қарамастан келесі турға өтіп,  «I am singer Kazakhstan» жобасының финалына берілетін арман болған төрт орынның біріне ие болды. 

Қатысушылар қазылар алқасы мен сүйікті аудиториясын қайта көру үшін жандарын салып, мақсаттарына жеткенімен, босаңсуға әлі де ерте. Жобада күн өткен сайын уақыт пен орын саны азайып келеді. Оларға таланттарын таныту үшін санаулы минут қана беріледі. Сол уақыттың ішінде қатысушылар үйлеріне қайтып кетпеудің амалын жасап қалуы тиіс.  Алайда алдағы 12-ші эпизодта бәрі өзгереді. Осы жексенбіде бірнеше әнші қатарынан жобамен қош айтысады. 

Осы жексенбіде жобамен кім қоштасады? Шоураннерлер бұл жолы қандай тосынсый әзірлеп қойды?  Он екінші турға дайындық барысында көп қиналып, келеңсіздікке тап болған қай қатысушы? Шоу ұйымдастырушылар финалдық эпизодтардың ерекше әсерлі болатынына сендіреді. Қызу тартыс, таңдай қақтырар талант, сүйікті әлемдік хиттер және беріспейтін бақталастық – осының бәрі алдағы жексенбі 21.00-де 31 арнада! 



Ұқсас тақырыптар