Данэлия Төлешова «Балалар Евровидениесінде» 6-орынға ие болды (ВИДЕО)

3.jpg

Он екі жастағы әнші Данэлия Төлешова «Балалар Евровидениесінде» «Өзіңе сен» әнін орындап, алтыншы орын алды. Қазақстан бұл вокалдық конкурсқа алғаш рет қатысып отыр.

Бірде-бір әділқазы мүшесі Қазақстанға ең жоғары балл (12) қоймады. Есесіне көрермендердің дауыс беруінде Данэлия 103 балл жинап, нәтижесінде 171 балмен алтыншы орынға тұрақтады.

Жеңіске Польша жетті — 215 балл, екінші орында Франция — 203 балл, үшінші орын әділқазылардың үздігі атанған — Австралии, 201 балл.

Ресей – 122 балмен 10-орында. «Балалар Евровидениесін» өткізіп отырған Беларусь – 114 балмен 11-орында.

Атап өтсек, Беларусь астанасында 16-шы «Балалар Евровидениесі» байқауы өтті. Конкурстың он бес жылдық тарихында ең көп жеңіске жеткен Грузия қатысушылары – 3 рет, сонымен бірге бұл ел балл саны бойынша рекордтық нәтиже көрсетіпті – 239. Беларусь, Ресей және Мальта қатысушылары екі-екіден жеңімпаз атанған.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Ұқсас тақырыптар