Қазақ суретшілері үлкен қолдауды қажет етеді – Суретшілер одағының төрағасы

1.jpg

Үш-төрт жыл болды Қазақстан суретшілерінің жұмысына деген сұраныс төмендеп кетті. Бұл туралы ҚР Суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Жубаниязов Алматыда өткен баспасөз маслихатында айтты.

Оның айтуынша, елдегі инфляция және өзге де факторлардың орын алуынан халықтың отандық суретшілердің жұмысын сатып алу қабілеті төмендеп кеткен.

«Тек жұмыстарын шетелге шығарып жүрген он шақты суретші болмаса, көпшілігі туындыларын сата алмауда. Сондықтан олар үлкен қолдауды қажет етеді», -дейді ол. 

ҚР Суретшілер одағының 85 жылдық мерейтойына арналған баспасөз мәслихаты барысында биыл атқарылған іс-шаралар мен алдағы жоспарлары таныстырылды.

«Биыл одақтың 85-жылыдғына орай Республикалық көрме өтті, оның ерекшелігі оған еліміздің алты аймағынан суретшілер мен мүсіншілердің жұмысы қойылды. Алматыда суретшілерге арналған көрме залдары тапшы. Сондықтан көрмелердің бір бөлігі Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында және тағы бір бөлігі ALMATY ARENA кешеніндегі Almaty Art Center бөлімінде өтті», -дейді одақ төрағасы. 

Жиын барысында Суретшілер одағының хатшысы Жамбыл Натбаев одақтың алдағы жоспарын таныстырып өтті.

«Суретшілер одағының міндеті – қазақ өнерін, мәдениетін сақтау және болашақ ұрпаққа жеткізу, төл өнерімізді дәріптеу. Алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі, яғни зағип жандарға арналған «Өнер барлығы үшін» атты жобаны қолға алып отырмыз. Бұл жоба аясында көзі көрмейтін адамдарға мүсінді жасау өнерін сезініп көру мүмкіндігі беріледі», -дейді ол.

Сонымен қатар Суретшілер одағының бірінші хатшысы Бақытжан Қасымбеков қазір сурет көрмесінің тапшылығы орын алып отырғандығын жеткізді.

«Ол тек Алматы қаласы бойынша емес, жалпы ел бойынша үлкен мәселенің бірі. Дегенімен біз көрме залын салып бер деп айа алмаймыз. Бұл мәселе бойынша қолға алған жобамыз бар, яғни Панфилов көшесі бойындағы ғимаратымызды кеңейткіміз келеді. Соған қолдау білдіру ретінде қала әкімдігіне жүгінгенбіз, алайда нәтижесі белгісіз болып тұр», -дейді ол. 

Baq.kz

Ұқсас тақырыптар