«Мен кинодан кейін күлмейтін жанға айналдым…»

«КӨКСЕРЕК» ФИЛЬМІНДЕГІ ҚҰР­МАШ, ЯҒНИ ҚАМБАР УӘЛИЕВ ФИЛЬМ ЖАЙЛЫ БЫЛАЙ ДЕП СЫР ШЕРТКЕН ЕКЕН:


5.jpg


– Шыны керек, кейде осы киноға түс­кеніме өкінемін. Мен кинодан кейін күлмейтін жанға айналдым.

Фильмнің әрбір эпизодын көңілдегідей түсіру оңайға соқпады. Кинода ашуға булыққан Аханқұл бөлтірікті менің қолым­нан жұлып алып, атына қарғып мінген сәті естеріңізде болар? Құрмаштың «ағатай­лап» шырқырап жүгіргені… Бірақ оны тыңдайтын Аханқұл қайда? Бөлтіріктің желкесінен ұс­тап, өзенге атып ұрады. Сол кезде «бөл­тірі­гімді бер, бөлтірігімді қайтар» деп жан­ұшырған Құрмаш та суға белшесінен батып, күмп ете түседі де, сүйретіле суға малшынған күшігін жағаға алып шығатын жері бар ғой. Мәселен, сол бір ғана эпизодты түсіру үшін, сан рет дубль жасалды. Қанша рет қайта­ланса, сонша рет суық суға малшындым. Күздің күні. Әр түскен сайын бойым тоңып, қалтырап қалам да, жағада ұзақ уақыт өксігімді баса алмай отырам. Аздап спирт жаққан болады, бірақ дәл сол қиындықтар бар-жоғы тоғыз жасар мен үшін оңайға соқпады. Сол күндердің зардабын күні бүгінге дейін тартып келе жатырмын. Осыдан екі-үш жыл бұрын төсек тартып жатып та қалдым. Екі аяғым қақсап жаным­ды жейді. Бірақ дәл сол кезде «Көксерек» көңілдегідей шығу үшін, менің денсаулығыма алаңдай қойған ешкім болған жоқ…

 (Әсет Ақмолданың Facebookтегі парақшасынан алынды).


Дереккөз: Алматы ақшамы


Ұқсас тақырыптар