Шетелден келгендер Денге безгегініне қарсы тексеруден өтіп жатыр

3.jpg

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Қазақстанда Денге  безгегінің алдын алу бойынша қабылданған шаралар туралы айтып берді.

«Осыған байланысты  Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті көптеген іс-шаралар ретін қолға алған. Атап айтар болсақ,  мемлекеттік шекара арқылы санитарлық-карантиндік өткізу пункттері тексеріліп, еліміздің халықаралық әуежайларындағы жолаушылар термометрия арқылы бақыланады. Қазақстан азаматтарының Денге безгегі жұқтыруы мүмкін елдерге баруын  ұйымдастыратын туристік агенттіктер арасында жүйелі түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде»,-деп хабарлайды жауапты орындар. 

Қандай елдерде аталмыш ауруды жұқтырудың қауіптілігі жоғары? Бүгінгі таңда Денге  безгегі  әлемнің 125 елінде тіркелген. Олардың қатарында   Бразилия, Чили, Қытай, Үндістан, Индонезия, Сингапур, Перу, Парагвай, Малайзия, Мексика, Никарагуа, Колумбия, Кайман аралдары, Таиланд, Шри-Ланка сияқты елдер бар. Бұларға Оңтүстік-Азия елдерінің аумағы да жатқызылады.


Ұқсас тақырыптар