Ақтөбедегі Мирзоян көшесіне Әлихан Бөкейхановтың аты берілетін болды

4.jpg


Ақтөбе қаласындағы Левон Мирзоян көшесі енді Әлихан Бөкейхановтың атымен аталатын болды. Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлайым Төлебаеваның хабарлауынша, бұл туралы шешімді 11 сәуір күні Ақтөбе облыстық мәслихаты қабылдады, деп мәлімдеді Азаттық радиосы.

- Ақтөбе облыстық мәслихаты қабылдаған шешім алдағы 15 тәулік ішінде әділет департаментінде тіркелуі керек. Бұл жолы Ақтөбеде Левон Мирзоян көшесінен өзге идеологиялық тұрғыдан көнерген 25 көшенің атауы өзгерді, - дейді Гүлайым Төлебаева.

Левон Мирзоян атындағы көше Ақтөбе қаласының ескі бөлігінде, төрт-бес көшенің тоғысқан тұсында тұр. Совет өкіметі тұсында Қазақстанды басқарған Мирзоянның аты мен ескерткіш тасын көшеден алып тастауды жергілікті белсенділер 2014 жылдан бері талап етіп келеді. Ақтөбелік белсенді тұрғындар Совет билігі кезіндегі тұлғаға көше атын бергенге және Мирзоянның құрметіне қаланың ескі бөлігінде 1997 жылы ескерткіш тас тұрғызылғанына да қарсы. Ескерткіш таста "Левон Мирзоян (Мырзажан) – армян халқының ұлы перзенті" екені, оның 1939 жылы репрессияға ұшырап, Лефортово түрмесінде атылғаны жазылған.

 


Ұқсас тақырыптар