Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы озық технологиялар

photo_2018-04-17_11-19-36 (1).jpg


Кеше Үкімет отырысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов E-gov порталын дамыту мен мемлекеттік қызмет көрсету саласын жетілдіру барысындағы іс-шаралар туралы айтты.

Мәселен, ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің төрағалық ететін мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) шешімімен  «Азаматтарға арналған үкімет» ұсынған мынадай жобалар жүзеге асты: 

•    соттылығы бар/жоқ туралы апостиль қойылған анықтаманы беру мерзімі 22 күннен 8 күнге дейін қысқартылды;

•  SMS арқылы баланың туу туралы куәлігіне тапсырыс беруге, балабақшаға кезекке қою және баланың тууы мен күтімі бойынша әлеуметтік жәрдемақы алуға мүмкіндік беретін пилоттық жоба іске қосылды;

•   кең тараған құжаттарды ХҚО-ға бармай-ақ ұсынуға мүмкіндік беретін «Анықтамасыз қызмет» (Paper free) сервисі іске қосылды;

•  Астанада өзіне-өзі қызмет көрсету секторы және қоғамдық қолжетімділік пункттері арқылы электрондық қызметтерді алып, сондай-ақ қызметтерді өз бетінше алу бойынша оқу курсынан өтуге болатын алғашқы цифрлық ХҚО ашылды; 

•  сонымен қатар көші-қон ХҚО іске қосылды. Егер бұрын резидент емес тұлға 6 түрлі ұйымға (салық, полиция, аурухана, сақтандыру компаниялары, фото салондар және банктер) барып, әр жерде кезекке тұруға мәжбүр болса, қазір бұл қызметтер бір жерде және «бір терезе» қағидаты бойынша, кедергісіз қызмет көрсету стандарттарына сай көрсетіледі

«Енгізілген электрондық сервистердің тиімділігін арттырып, цифрлық мәдениетті көтеру бойынша біз қарқынды жұмыстар жүргізудеміз. Мәселен, қазіргі таңда 30 мыңнан астам жаңа босанған ана бала туу бойынша проактивті қызметтерді пайдаланды. Мұндай қызметтер азаматтарды фронт-офистерге бару міндетінен босатып, уақыттарын үнемдеп  қана қоймайды, сондай-ақ қағаз жүзіндегі құжат айналымын қысқартады», - дейді А. Оспанов.

Айта кету керек, бірінші жартыжылдықтың соңына дейін ведомствоаралық комиссияның қарауына оңтайландыру бойынша тағы 346 қызмет ұсынылатын болады.


Ұқсас тақырыптар