Серікбол Сайлаубекті МС Сайлаубекпен шатастырды

10.jpg


Өткен жылы ел аралап, 125 тегін концерт берген әнші Серікбол Сайлаубек Еуразия бірінші арнасындағы «Қайырлы таң» бағдарламасының студиясында ауылдардың бірінде болған қызықты жайтты айтып берді. Халықтың батасын жинап, Алла Тағаланың разылығы үшін ауыл-ауылды аралап, тегін концерт қойған өнер иесі халыққа ән тыңдатып, рухани әңгімелесіп, көңілдерін көтеруді мақсат етіпті. Аппаратура, сахна таңдамайтын әнші мәдениет үйі жоқ ауылдарда камаздың, арбаның үстіне кілемді жайып жіберіп, ән айтатын кездерін күліп еске түсірді.

 Сондай концерттердің бірінде ауылдағы бір әжей «Мәләдес Сайлаубегім-ай! Арағыңды қойып, сақалыңды өсіріп, толығып қапсың, мәләдес» деп ризашылығын білдірген. Өзін МС Сайлаубекпен шатастырған әжейді әнші «Апа, мен ішпеймін, мен басқа Сайлаубекпін, Серікболмын» деп әрең сендіріпті.  

Ұқсас тақырыптар