2018 жылы Алматыда су тарифтері қымбаттамайды

1.jpg


Бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2017 жылда атқарылған жұмысының нәтижелері және 2018 жылға арналған жоспарлары» тақырыбында брифинг өткізілді. 

Іс-шараға Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Болат Қуанышбекұлы, шикізат, материалдар, электр энергиясының және басқа да шығындардың бағаларының өсуіне қарамастан, сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне тарифтер 4 жылдан астам уақыт бойы көтерілмеді. Қазақстанның басқа аумақтарымен салыстырғанда Алматыда тарифтер ең төменгілердің қатарында. Алматы сумен жабдықтау бойынша арзандығы жағынан 5 орында, су бұру бойынша 3 орында,-дейді ол. 

«Алматы Су» МКК бірнеше рет тарифтерді көтеруге өтініммен жүгінген. Бірінші рет, 2016 жылда сумен жабдықтау бойынша 42%-ға және су бұру бойынша 54%-ға өсіммен. Бұдан кейін, 2017 жылдың желтоқсан айында, 2018 жылдың қаңтар және наурыз айларында сумен жабдықтауға 21%-ға және су бұру бойынша 45%-ға өсу өтінімдерімен жүгінген болатын. Жоғарыда көрсетілген барлық жағдайда Департаментпен жасалған талдаудың нәтижесінде ұйымның ішкі резервтері анықталды. Соған байланысты, 2018 жылда сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне тарифтер өспейді,-деп айтып өтті Болат Сәмбетов өз сөзінде. 



Ұқсас тақырыптар