1, 2, 5 және 7 сынып оқушылары жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білім алуда

фото спикеров 1.jpg


Кеше Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Бейбіткүл Сәрсемханқызының қатысуымен брифинг өтті.

Бейбіткүл Кәрімованың айтуынша, өздеріңізге белгілі, ағымдағы оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 1, 2, 5 және 7 сынып оқушылары білім алуда.

Бүгін сіздермен кездесуіміздің басты тақырыбы жаңартылған білім беру мазмұнына көшудің келесі кезеңі – жаңа оқу жылында ендірілетін 3, 6 және 8 сынып оқулықтарын дайындау барысы.

Алдымен  осы оқулықтардың сапасын бағалау жүйесіндегі жаңалықтарға қысқаша тоқталатын болсақ 2017 жылдың желтоқсан айында «Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу, сараптама жүргізу, оларды басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидасына» өзгерістер енгізілді,-дейді ол.

Осы құжаттағы басты өзгерістер:

-           орта мектепке арналған оқу әдебиеттерінің авторлық ұжымына талап күшейтілді. Қазіргі кезде авторлық ұжым құрамында ғалым, әдіскер және мұғалім болуы керек;

- әрбір төрт жылда оқу басылымдарын қайта өңдеу туралы қағида алынып тасталды. Авторлық ұжым оқу әдебиеттерін білім беру стандарттарына, үлгілік оқу бағдарламаларына елеулі өзгерістер енгізген жағдайды, оның сапасының мониторингі нәтижелерін ескере отырып қана өңдейді;

-           негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлеріне арналған оқулықтарды сынақтан өткізу нормасы бекітілді;

- пәндік комиссиялар оқулықтардың және оқу-әдістемелік кешендердің сараптама, сынақ, оқулықтар сапасын қоғамдық бағалаудың аралық және соңғы қорытындыларын қарастырады. 3, 6 және 8 сыныптарға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер пәндік комиссиялардың 2 отырысында қарастырылды,-деп атап өтті ол.

Сонымен қатар бұл оқулықтар республикамыздың барлық өңірлерінде оқулық авторларының қатысуымен арнайы семинарларда талқыланды. Бұл семинарларда авторлар өз оқулықтарының тұжырымдамасымен, құрылымы және мазмұнымен мектеп мұғалімдерін, әдістемелік орталықтардың әдіскерлерін таныстырды. Талқылаулар, пікір алмасулар ұйымдастырылды. Бұл шараға 160 оқулық авторлары мен 7000-нан аса мұғалімдер қатысты.

Осы оқулықтар бойынша «Оқулық сапасын бағалау» порталына да сын-пікірлер түсті,-деп баяндады Бейбіткүл Сәрсемханқызы.



Ұқсас тақырыптар