Астана іргесінде жел электр стансасы салынып жатыр

4.jpg


Астанадан 40 шақырым жерде жел электр стансаның құрылысы жүргізілуде. Нысан іске қосылған кезде улы газдың көлемі жылына 230 000 тоннаға дейін кемитін болады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Ақмола облысында баламалы электр энергия көздерін өндіру бойынша бірнеше жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі Аршалы ауданының Бұлақсай ауылдық округіндегі жел электр стансасының құрылысы.

Нысанның жалпы қуаты 100 МВт. Стансаның әр біреуі 50 МВт-тан 2019 және 2020 жылдар аралығында екі кезеңмен іске қосу жоспарланған.

«Жел электр стансасын іске қосу бу газдарын бөлу жылына 230 000 тоннаға дейін кемитін болады. Бұл 113 000 астам автокөліктің жыл бойына бөлетін бу газдары. Нысан пайдалануға берілген кезде  10 мың отбасын электр энергиясымен қамтамсыз етеді. Стансаның құрылысы кезінде 300 адам еңбек етсе, қолданысқа берілген кезде 20 тұрақты жұмыс орны ашылады. Жергілікті мамандар шетелде оқып, біліктіліктерін көтеретін болады», деп түсіндірді Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй құрылысы коммуналдық шаруашылығы басқармасындағылар.

Жел электр стансасы аумағы 119 гектар жер теліміне орналастырылады. Күн энергиясы стансасынан бір айрымашылығы мұнда жер телімі қоршалмайды. Адамдарға да, жайылған малдарға да қауіпсіз.

«Оған қоса, Целиноград ауданының Қабанбай батыр ауылында қуаты 120 МВт күн энергиясы стансасы жобасы жүзеге асырылуда. Қазіргі кезде,  Жобаның алғашқы кезеңі аяқталып, 300 гектар аумақта іске қосу алдындағы дайындық жұмыстары жүргізілуде», - деп атап өтті Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй құрылысы коммуналдық шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Ольга Цальцавко.


Ұқсас тақырыптар