«Бәйтеректің» маңайына мал жайған адам жазаланды

12.jpg


Лисаков қаласының орталығында мал жайған тұрғынға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат жергілікті «Акцент» телеарнасының сайтына сілтеме жасап.

Лисаков қаласының тұрғындары қала орталығында жайылып жүрген малдарды суретке түсіріп, әлеуметтік желілер арқылы таратқан.

«Бір отар қой мен табын сиыр орталықтағы «Бәйтерек» монументінің қасында жайылып жүрді. Қала тұрғындары, әсіресе, балалар нысанның айналасындағы малдарды көріп таңғалды», - деп жазды «Акцент» телеарнасының сайты.

Тәртіп сақшылары мал иесін тауып, оны жазаға тартты. Енді ол 20 АЕК (48100 теңге) айыппұл төлейді. Айта кетейік, монументке зақым келген жоқ.



Ұқсас тақырыптар