Оқушысымен төсектес болған мұғалім қамауға алынды

11.jpg


АҚШ-тың Оклахома штатында мектеп мұғалімі боп жұмыс істейтін 34 жастағы Кассандра Рене Уайт жасөспірімді азғындағаны үшін түрмеге қамалуы мүмкін. Ол өзінің 16 жастағы оқушысына үйленбекші болған деп жазады Life.ru.

Мұғалім мен оқушысы Кливленд аймағына келіп некелерін қимақ болған. Өйткені, бұл жердің жергілікті заңына сәйкес, жасөспірімнің ата-анасы оның үйленуіне келісімін берсе неке қиыла береді. Оқушының әкесі болса ұлының өзінен әлдеқайда үлкен әйелмен үйленуіне келісімін беріп, қолын қойып беріпті.

Дегенмен, АҚШ-тағы өзге заң мұғалім мен оқушысының жақын қарым-қатынасқа түсуіне қатаң тыйым салады. Осы заңның негізінде Кассандраны мектеп басшылығы жұмыстан шығарса, полиция оны уақытша қамауға алып тергеп жатыр.

Айта кетейік, басы дауда қалған педагог бұған дейін некеде болған. Алғашқы күйеуінен оның үш баласы бар екен.

Дереккөз: sn.kz



Ұқсас тақырыптар