Алматыдағы мектеп бітіру кеші – 100 мың теңге!

2.jpg


Алматыдағы білім ошақтарының бірінің басшылығы мектеппен қоштасу кешіне 100 мың теңгеден жинап жатыр. Ол аздай, сағаты 16 мың теңге тұратын лимузинді жалдап, қымбат мейрамханада аста-төк отырыс өткізбек. Қала әкімдігінің сайтына түскен осындай анонимді шағым кешелі-бері жұртты дүрліктіруде. Осыдан кейін жауапты шенділер шұғыл тексеріс бастап кеткен. Алатау ауданының білім бөліміндегілер бір мектептен шыққан шу үшін бүтін бүкіл білім ошағын жіті қадағалауға алған. Ал жасырын хат қалдырған адамның уәжі қаншалықты рас? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. 

«Балам мектеп бітіруде. Мектеппен қоштасу кеші мен виньетка үшін 100 000 теңге жинауда. Қосымша ақша жинаймыз деп те айтты. Лимузинмен қыдырады екен, сағаты – 16 000 теңге. Талғар тасжолындағы мейрамханаға да барады. Мұны ата-аналар жиналысында айтты. Ақша бергісі келмегендерге қысым көрсетілуде» деген шағым иесі.

Бұл жасырын хат қала әкімдігінің сайтына бір ай бұрын түскен. Содан бері №156 орта мектептің ұжымында тыныштық жоқ. Күнде жиналыс, күнде тексеріс. Ата-аналар болса, бұл жағдай балаларымыздың психологиясына кері әсер етуде деп шыр-пыр. Мектеппен қоштасу кешіне 100 мың теңге түгілі, 100 теңге беретін шамамыз жоқ дейді кейбірі. Өйткені, көбі пәтер жалдап, 30 мың теңге жалақысына қарап отырған отбасылар көрінеді. 

«Егер 100 мыңнан жинаса мектеп, мен бере алмаймын. Мен балабақшада істеймін. Айлығымыз аз. Мен бере алмаймын» – дейді қала тұрғыны Ғалия Артықова.

Хатта сағатына 16 мың теңгелік лимузинді жалдап, виньеткаға түсіп, шаһардағы қымбат мейрамханалардың бірінде аста-төк дастарқанның жайылатыны туралы жазылған. Ал, бұған қарсы шыққандарға қысым көрсетіліп жатқаны айтылған. Сондықтан хат жолдаған кісі өзін жасырған сияқты. Барлық әңгіме ата-аналар жиналысында талқыланыпты. Бірақ, мұндағы ата-аналар керісінше осы хат жолданғалы жиын көбейді деп ашулы.   

«Уже 3-4 рет апрельден бері жинап жатыр. Мұғалімдерге, администрацияға нервотрёпка. 

ғой. Қазір менің балам қосымшаға кетті. Тоже переживает. Бәрі нервотрёпка ғой» - дейді қала тұрғыны Бану Есдәулетова. 

№156 орта мектебі үш тілде дәріс береді. Қала бойынша бала саны ең көп білім ошағы саналады. 260 мұғалімнің де мазасы қашқан. Директор орнында жоқ. Өйткені, аудан мен қалалық әкімдікке, тіпті, прокуратураға түсінік беріп жүр екен. Жағаларын ұстаған ұстаздар мектеппен қоштасу соңғы қоңыраудың соғылуымен аяқталады деп сендірді. 

«Мектеп табалдырығында аттестатты беру салтанатты кеші болады. Таңертең 9-10-да болады. Мектеп формасымен балалар келіп, алып кетеді болды. Қолдарына аттестатты берсек те, ары қарай ҰБТ сертификаты алғанша, мұғалімдерде маза жоқ. Анау оқушылардың ешқандай кешке, тойханаға бару деген әңгіме жоқ» - дейді №156 мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Манар Темірғалиева.

Осы мектеп қарайтын Алатау аудандық білім бөлімінің басшылығын да орнынан таппадық. Бір емес аудандағы 25 білім ошағына тексерісін бастап, сол жұмыспен жүр екен. Өйткені, қоштасу кешін ата-аналардың өздері ұйымдастыруы мүмкін дейді.  

«Бір екі күн должна на самом деле проверить тағы да. Күте тұрайын. Тағы да бір ата-ана шығатын шығар. Мүмкін 11 сынып емес шығар. Дұрыстап көрейік. Тағы варианттарым бар менің. Ойланайын. Тек ата-аналар бірдеңе ұйымдастыруы мүмкін» - дейді Алатау аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова.

Ал шу шыққан мектепте 76 түлек бар. Мұғалімдер әрқайсымен жеке сөйлесіп, ата-аналардан қолхат алғандарын айтады. Енді жасырын хат жазған адамды іздестіріп жатырмыз дейді. Бірақ Алматы мектептерінде әлі де ақша жинау процесі тоқтамаған сияқты. Өйткені, редакциямызға ватсап желісі арқылы кәдімгі тақтаға ақшалар тізімі тізілген суреттер келіп түсті.



Ұқсас тақырыптар