Батыр Жүкембаев WBC чемпионы атанды

3.jpg


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев WBC тұжырымының Америка аймағы бойынша чемпиондық атағын жеңіп алды.

Давид Лемье-Карим Ашур арасындағы кездесудің андеркартында жұдырықтасқан Батыр Жүкембаев шаршы алаңдағы кезекті жеңісіне қол жеткізді. 

Отандасымыз тартысқа толы өткен кездесуде Оңтүстік Америка аймағының және WBC ұйымының күміс белбеуінің иегері аргентиналық Джонатан Хосе Энизді  (20-9-1, 7 КО) 7 раундта техникалық нокаутпен жеңіп, WBC ұйымының Америка аймағы бойынша вакантты белбеуін иеленді.

Айта кетейік, Батыр Жүкембаев шаршы алаңда 12 жекпе-жек өткізіп, 10 кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған болатын.  

Батыр соңғы кездесуінде мексикалық Ное Нунезді 30 секундта ұрып сұлатқан еді. Ал оның қарсыласы Хосе Эниз кәсіпқой бокста 30 кездесу өткізіп, оның 20 кездесуінде жеңіске жеткен екен. Қалған 9 кездесуінде жеңіліп, бір кездесуде қарсыласымен тең түскен. 

Дереккөз: Qsport.kz



Ұқсас тақырыптар