Таразда жолаушылар автобусы аударылды

2.jpeg


Таразда қаласындағы Төлеби көшесінің бойында ірі жол көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі BNews.kz сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, автобуста адам болмаған. Оқиға орнына жол-потрульдік қызмет қызметкерлері келген. Бұл кезде көлік иесі өз күшімен көлік құралын дұрыстап қоймақшы болған. Жүргізуші оқиғаға қатысты түсініктеме беруден бас тартқан.

Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, жедел жәрдемді оқиға куәгерлері шақыртқан. ЖКО-дан зардап шеккендер мен көз жұмғандар болмады, жолаушылар жай шошынып қалған.

«Қалада 46-бағыт ең көп талап етіледі. Алайда автобус жүргізушілері жолда «ұшып» жүреді. Тіпті, кейде қызыл түске де өтіп кетеді. Қуаныштысы ешкім зардап шеккен жоқ, алайда осындай «ұшқыштарға»назар аудару керек», - дейді Тараз қаласының тұрғыны, оқиға куәгерлерінің бірі Светлана Михайлова.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, 46-бағыттағы автобус бір шетіне аударылған. Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізуші басқаруды жоғалтып алған, соның салдарынан ЖКО орын алды. Жүргізуші мен жолаушылар зардап шекпеді.



Ұқсас тақырыптар