Жыл басынан бері «Connection Point» арқылы 590863 адам өздігімен қызмет алған

м¦мрмфмр мTмтм-мцм-м-мLмT.jpeg


Кеше Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Жантелиев Дастан Темірәліұлының қатысуымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша филиалы департтаменттерінің бірігуі мен цифрландыру бағытындағы жұмыстары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Д.Жантелиевтің ақпаратынша,  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда көп жұмыстар жүргізіп отыр. Ендігі мақсат – азаматтардың осы мүмкіндіктерді пайдалана білуіне жағдай жасау,  жаппай цифрлық сауаттандыру. 

Енгізіліп жатқан жаңашылдықтарды Қазақстан азаматтары игеруі үшін де көптеген жұмыстар жүргізілуде. Жаңағы айтқан цифрлық ХҚО-ларды ашу да осы мақсаттан туындап отыр. Онда тақырыптық дәрістер өткізетін сыныптар ашылып, белгіленген кестеге сәйкес цифрлық сауаттылық дағдыларын арттыру бойынша сабақтар өтеді. Одан тыс, корпорация мамандары мекемелер мен ұйымдарға, университеттер мен институттарға, колледждерге, мектептерге барып жаппай цифрлық қызмет алу дағдыларына оқытуда.

Жалпы корпорация 8 млн адамның цифрлық сауаттылығын көтеруді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда мемлекеттік корпорацияның әрбір фронт-офисі өзіне-өзі қызмет көрсету «Connection Point» секторымен жабдықталған, ол жерде «электрондық үкімет» порталы және басқа да мемлекеттік ресурстарға  шығу мүмкіндігімен қамтамасыз етілген жұмыс орындары ұйымдастырылды. Өзіне-өзі қызмет көрсету секторында азаматтар өз бетінше ЭЦҚ алуға өтінім беруге, сондай-ақ 700-ден астам электрондық қызмет пен сервистер алуға мүмкіндігі бар. Жыл басынан бері  «Connection Point» арқылы 519315-нан аса кеңес беріліп, 590863 адам өздігімен қызмет алған,-деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, Алмалы ауданындағы Сандық халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын жетілдіру. Қазір жоба пилотты негізде тиімді жұмыс жасауда. Мұндай орталықтардың ерекшелігі – белгіленген кестеге сәйкес цифрлық сауаттылық дағдыларын арттыру бойынша тақырыптық дәрістер өткізетін сыныптарының болуы.  

Сонымен қатар, адам көп шоғырланатын орындарда (сауда орындарында, вокзалдарда, әуежайларда, соттарда және т.б.) мүдделі мемлекеттік органдармен бірге тұрақты негізде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кең ауқымды акциялар мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.  

Айта кетейік, жыл басынан бері Алматы қаласы бойынша мемлекеттік және жеке оқу орындарында (ЖОО, колледждерде және т.б.) 12703адам цифрлық қызметттер алу бойынша дағдыларын машықтандырды,-деп сөзін толықтырды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Жантелиев Дастан.



Ұқсас тақырыптар