Ғалымдар адамды ажалдан құтқаратын әнді анықтады

3.jpg

Тәжірибе көрсеткендей, 90-шы жылдардың хит әні жүрекке массаж жасағанда көмектесуі мүмкін

Барселона университетінің дәрігерлері тәжірибе жүргізіп, танымал ырғақты әннің арқасында адамның жүрек қызметі жақсаратынын дәлелдеді.

Тәжірибеге 164 студент қатысқан. Оларды үш топқа бөліпті – біріншісі метроном соққысына сәйкес жүрек тұсына массаж жасап тұрды, екінші топ Macarena әнін іштей орындаған, үшінші топ ештеңе пайдаланған жоқ.

"Los Del Rio испан тобының Macarena әні жүрекке массаж жасаған кезде септігін тигізуі мүмкін – оның минутына 103 соққы жасайтын ырғағы жүрекке массаж жасау ритмімен сәйкес келеді. Испан ғалымдарының зерттеуі туралы Science Alert басылымы хабарлайды", — деп жазады РИА Новости.

Екі минуттық жүрек массажынан кейін анықталғандай, ең жақсы нәтиже метроном пайдаланған студенттерде болды – қатысушылардың 91%-ы массаж жасау кезінде дұрыс ырғақты сақтай білген.

Екінші орында испан әнін іштей орындаған еріктілер. Ал метрономды пайдаланбай, ән де айтпаған студенттердің небәрі 21%-ы ғана тапсырманы дұрыс орындаған.

Зерттеушілер атап өткендей, метрономның тиімділігі жоғары болғанымен, кез келген сәтте таба алмайсың. Сол себепті олар 90-шы жылдардағы хит ән адам өмірін арашалап қалуы мүмкін деген қорытынды жасады.

Дереккөз: Sputnik



Ұқсас тақырыптар