Қытайлықтардың визасына қатысты СІМ мәлімдеме жасады

4.jpg

Қытайлықтар Қазақстанға визасыз кірмейді. Бүгін Сыртқы істер министрлігі соңғы кездердегі түрлі алып-қашпа ақпараттарға қатысты осындай жауап берді.

ҚР Сыртқы істер министрлігі:

-Ресми Астана Қытай азаматтары үшін визасыз тәртіп орнату мәселесін қарап жатқан жоқ.  Керісінше, қазақстандықтардың Қытайда 72 сағатқа дейін визасыз жүруі  үшін келіссөз жүргізуде.

Осылайша дипломаттар шығыстағы көршіміздің халқы шекарадан визасыз өтеді деген ақпаратты қауесет деп отыр. Сондықтан оған сенбеуге шақырды. Айтуларынша, қытайлықтар елімізге кіруі үшін міндетті түрде виза жасатуы тиіс. Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде жалған ақпарат тарап, көптің түсінбеушілігін тудырған еді.

 

Дереккөз: КТК телеарнасы



Ұқсас тақырыптар