Жетісудың жарқын бөлшегі – Астанадағы «Жетісу» саябағында

DSC_3762.JPG

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Алматы облысы тарту жасап, жаңғырған «Жетісу» саябағын жасады. Бұған дейін Астана қаласында «Арай» аталған саябақтың жаңа келбеті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа таныстырылып, саябақта Елорданың 20 жылдығына арналған шаралар ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Mezgil.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Нысан құрылысы 4 аймақтан тұрады. Олардың әрқайсысының өз ерекшелігі бар. 

DSC_3769.JPG

Жаяу серуендеуді қалайтындар үшін ландшафтық-серуендеу мен тыныш демалу аймағы лайықты. Мұнда саябақтың орталық кіреберісінен оңтүстіктен солтүстікке қарай субұрқақтары бар алаңдар, Алматы облысының символы болған «Апорт» алаңы, тауды бейнелейтін жоталар мен демалыс орындары алдыдан шығады. 

Аллея 6 желектен тұратын «Тәңірі» алаңына жалғасады. Онда түрлі жастағы балаларға арналған ойын алаңы, Қайыңды аллея, «Таңбалы Тас» петроглифті тастары, «Шарын шатқалы» орналасқан. Алаң ортасында Қазақстанның өңірлерін бейнелейтін түрлі өсімдіктер мен гүлдерден, бұталар құралған Қазақстан картасы тұр. Алаң арқылы қолдан жасалған «Балқаш көліне» құйып жатқан жасанды Іле өзені өтеді. Осы аумақтың барлығы тыныштықта демалуға арналған. 

DSC_3865.JPG

Ал спорт пен белсенді демалысты жақсы көретіндер үшін саябақ арқылы өтетін 1200 метрлік велосипед жолы ұсынылған. Ол қыста шаңғы жолы ретінде қызмет етеді. Сонымен қатар саябақта көптеген түрлі спорттық алаңдар бар. Мұнда қыста сырғанақ алаңына айналатын роллердром, сырғанауға арналған жоталар, үстел ойындарына арналған орындар және басқа да көптеген қызықты дүниелер жасалған. Сондай-ақ саябақта қозғалысы шектеулі жандарға да қолайлы жағдайлар жасалған. 

DSC_4019.JPG

Балалар ойнайтын аумақта ойын алаңдарынан басқа түрлі жас мөлшеріндегі балаларға және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ойын кешендері бар. Сонымен қатар алаңда бір жастан асқан балаларға арналған тактильді ойын панельдері орнатылған. Балалар алаңының басқа да элементтері 3-тен 14 жасқа дейінгі балаларға арналған. 

Саябақта көлік қоятын орындар мен тамақтану аймағы да бар. 

DSC_4345.JPG

Сондай-ақ саябақты көгалдандыруға да көп көңіл бөлінген. Бұрыннан бар ағаштар сақталып, ауырған және шіріген ағаштар мен бұтақтары қырқылып, кесілді. Мұнда 2 мыңнан астам жаңа ағаш отырғызылды. Келушілерге қолайлы болуы үшін саябақта үш қырлы светодиотты стелла лар орнатылып, олар қай бағытта қалай жүруге болатынын көрсетіп тұрады. 

Жобаның жалпы құны 3,05 млрд. теңге. Құрылыс жұмыстарының бас мердігері - «BI-Industrial» ЖШС. Саябақтың жаңғыртылуы мен абаттандыруылы - Алматы облысының Астананың 20 жылдығына арнаған тартуы. 

ED2_5054.JPG


Ұқсас тақырыптар