11 жастағы қызын күйеуге берген әке өз әрекетін түсіндірді

1.jpg

Малайзияның Келанта штатындағы 41 жастағы имамға 11 жасар қызын тұрмысқа берген әке өз әрекетін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі L!FE басылымына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, қоғам тарапынан үлкен наразылық тудырған 11 жасар қыз бен 41 жастағы ер адам арасындағы неке тиімді келісім болып шықты. Ер адам кішкентай қызды оның қайыршылық жағдай алдында тұрған отбасының қарызы үшін алған.

Қыз 16 жасқа толғанша өз үйінде болады, бұл ата-анасының болашақ күйеу баласына қойған жалғыз шарты. Алайда, олардың тойы жайында белгілі бола салысымен Малайзия билігі бұл некенің күшін жойған.

Осыдан келіп қыздың 49 жастағы әкесі БАҚ өкілдеріне жағдайдың шын мәнінде қалай болғанын айтып берген. Оның айтуынша, олар екі әйелі мен алты баласы бар Абдул Каримнің отбасымен бұрыннан араласады екен. Бұған дейін оның бірінші әйелімен көрші тұрып, сол жерде үй жалдап тұрған және кішкентай қыз ол әйелмен достасып үлгерген. Ал қыз болса өзінің болашақ күйеуіне көңілі толатынын әрі оны шын мәнінде жақсы көретінін айтқан.



Ұқсас тақырыптар