Көп жұмыс істейтін әйелдердің қандай ауруға шалдығатыны анықталды

4.jpg

Ғалымдар еңбекқор әйелдердің қант диабетіне шалдығу қаупі зор екенін анықтады

Канадалық ғалымдар аптасына 45 сағаттан көп жұмыс істейтін әйелдердің қант диабетіне шалдығу қаупі 60 пайыздан асады екен.

Science Daily хабарлауынша, ғалымдар 2003-2015 жыл аралығында 12 жыл зерттеу жүргізген. Олар 35-74 жас аралығындағы канадалық 7065 ер мен әйелдің денсаулық көрсеткіштерін бақылап отырады.

Ғалымдар зерттеуге қатысушыларды жұмыста өткізетін сағатына байланысты төрт топқа бөлген: бірінші топтағылар аптасына 15-тен 43 сағатқа дейін, екінші топтағы адамдар 34-40 сағат, үшінші топтағылар 41-44 сағат, ал төртінші топтағы адамдар 45 сағат және одан көп уақытын жұмыста өткізеді.

Нәтижесінде ғалымдар аптасына 45 сағаттан астам жұмыс істейтін әйелдердің басқа топтағы адамдармен салыстырғанда 63 пайызға жиірек диабетпен ауыратынын анықтады.  Темекі шегу, физикалық белсенділік деңгейі және денесінің салмағы секілді басқа факторлар айтарлықтай рөл атқармайды екен.

Балаларға беруге болмайтын 9 зиянды тағам

Зерттеушілердің айтуынша, күні бойы жұмыс істеп, одан кейін үйдегі шаруалармен айналысу әйелдің ағзасында созылмалы күйзелу, шаршау реакциясын тудырады. Ал бұл гормондық бұзылыстар қаупін арттыра түседі.

Бұдан бөлек, әдетте әйелдердің салауатты өмір салтын жүргізіп, дұрыс ұйықтап, денсаулығын күтуге уақыты бола бермейді.

Сонымен, ғалымдар ер адамдарға аптасына 47 сағаттан, ал үй шаруасын қатар алып жүрген әйелдерге 34 сағаттан артық жұмыс істемеуге кеңес беріп отыр.

Дереккөз: sputniknews



Ұқсас тақырыптар