Головкин Альварестен кейін кімнің белдігін тартып алғысы келетінін айтты

6.jpg

Головкин Альвареспен реванш өткізгеннен кейін кіммен жұдырықтасқысы келетінін айтты деп хабарлады Vesti.kz

"Келесі кіммен жұдырықтасқым келеді дейсіз бе? Менің ойымша, бұл сұрақты менің промоутерім Том Леффлерге қою керек. Менің талабым көп.

Менің ойымша, WBC-де өз үміткері бар - Чарло, WBA - Мурат. Қазіргі таңда, Сондерс болуы мүмкін... Неге болмасқа? Мен барлық белдікті алғым келеді.

Менің мақсатым - барлық белдік", - дейді Головкин boxingscene.com сайтына.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Головкин АҚШ-тағы жаттығуларын бастады. Мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.



Ұқсас тақырыптар