Шал, кемпір атаулары не мағына береді?

5.jpg

Жанібек Қожық деген Маңғыстаудың адамы зерттей келе мынадай тұжырым жасапты : Қадірлі достар!. Қазіргі жастардың көбі келіншегін «кемпірім», күйеуін «шалым» деп жиі атайды. Жастар кемпір, шал сөзінің шынай мағынасын білмейтін болар. Егер де сол сөздің мағынасын білсе, «кемпірім», «шалым» деп айтпас еді. Бүгін сол сөздің мағынасын жазбақпын. Кемпір мен шал сөзінің былай болу керек деген нақты ережесі жоқ. Мен де ол сөздің толық мағанасын ойымнан шығарып отырған жоқпын. Тек ақсақалдардан сұрап, ортақ тұжырымға келдім. Бірінші, Кемпір деп күйеуі қайтыс болған егде жасқа келген әйелді айтады. Қазақта «пірсіздің пірі шайтан, әйелдің пірі күйеуі» деген мақал бар. Кемпір пірі кем әйел дегенді білдіреді. Қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қорлатпаған халық. Күйеуі қайтыс болған келіншекті жесір деп атаған. Бірақ, күйеуінің бір жылдық асын бергеннен кейін. Ел ақсақалдары жиылып жесірді қайнысына, не қайнағасына атастырған. Ал, егде жасқа әйелдің, балалары ер жетіп, қыздары бой жеткен кезде күйеуі қайтыс болса кемпір деп атаған. Қазақ оларды, құрметтеп сыйлаған. Күйеуі қайтыс болған кемпірлер үй билігінде түз билігінде өздері алған. Қазір үлкен кісілердің «кемпіріммен ақылдасайын», біздің үйдің «кемпірі шешеді», «кемпір біледі» деп жүрген сөздер содан қалған. Ал, күйеуі тірі адамды ешкім кемпір демеген. Кейбір әжелеріміз де кемпір деген сөзге ащуланып қалатыны сондықтан. Бірақ қазір көп сөздің шынай мағынасы ұмытылды. Қазақ халқында күйеуінен айырлысу деген болмаған. «Атың жаман болса сатып құтыларсың, қатының жаман болса, қайтып құтыласың» деген сөз содан қалған. Ал, қазіргі жастардың айырлысуы бұл қоғамның үлкен қасереті. Ал , «Шал» деген сөзге осыны талқылап болған соң тоқталамыз. Артық кетсем кешірім сұраймын.

Ал, шал сөзінің мағанасын жазбақпын. Оған себеп қазіргі жастар бұл сөздердің түпкі мағанасын толық білмегесін, үлкендер «ұят болады қойыңдар» демегесін бір-бірін «кемпір», «шал» деп айтып жүр. Жастар түгелі үлкен астарда «Ата ұлдарына» шапан таратқанда, көп жерлерде «ана рудың шалынан кім бар», «мына рудың шалдарынан кім бар?!» деп айқайлап жатады. Ақсақал деген қастарлі сөз ұмытып, шал деген сөзі басып барады. Қазір, балаларымыз, әке, шешем деген ардақты сөздің орнына біздің үйдің «кемпір», «шалы» дейтін болды. Бір, біріне «шал қайда?», десе «шал ауылда жоқ» деп жатады. Бұл сөздерге құлағымыз үйреніп барады. Осыдан 25 жылдай бұрын Онды ауылында үлкен той болды. Ағаш үйдің іші толған ақсақалдар, қақ төрде Ыбырай нағашым отыр. Ыбекең өте әңгімешіл, шежіреші кісі. Бір кезде қолға су құятын бала келді. Асаба жігіт «бірінші суды шалдардан бастап құй» деп балаға бұйрық беріп жатыр. Ыбекеңнің төменгі жағында отырған үлкен кісілер «шал» деген сөзге шамданып қалды. Асаба жігіт «не сендер шал болмаған да кімсіңдер?» деді. Төрде отырған Ыбырай нағашым, «Әй бала, сөздің мағанасын білмесең айтпа, менің жасым 85-те бірақ 80 келгенше шал болғаным жоқ, қалай түсінсең солай түсін» деді. Асаба жігіт ұялып қалды, үлкендер күліп жатыр. Жақында Шетпедегі өзімнің қатты құрметтейтін салт –дәстүрді жақсы білетін нағашы ағамнан шал сөзінің анықтамасын сұрадым. Сонда маған айтқаны «Шал күндіз мақтаншақ, кешке жасқаншақ, түнде қызғаншақ болады» деді. Кейде үлкендер жағы «ей мынау жасына жетпей шал болыпты ғой» деп жатса, енді бірде, «әй оны шал демең, жақында балалы болды ғой» депте жатады. Кейде әйелі қайтыс болған жасы үлкен адамдарға да, «Ол әлі шал емес шығар, бірдеңе алу керек қой» деп жатады. Көбіне үлкен кісілер шал дегенге шамданып жатырса, ал қазіргі жас жігіттер «шал» деген сөзге мақтанады. Шал сөзінің түпкі мағанасы «түнгі төсекке жарамай қалған ер адам» деген сөз. Қадірлі іні- келіндерім, сіздер аналарыңды, сүйген жарларыңды кемпірге теңемей-ақ, анашым, шешем, жарым, жұбайым, келіншегім, зайыбым десеңдер болады. Ал, келіндер, күйеулеріңді «шалым», «біздің шал», «біздің үйдің шалы» дегенше күйеуім, отағасым, жарым, балаларымны әкесі десе болады ғой. Ақсақалдардан естіп,сұрап жасаған тұжырым осы. Кешірім сұраймын, бірақ, біз білгенімізді жастарға айтып, жазып отыруымыз қажет.

 

Ансарбек Сатыбалды

Facebook парақшасынан алынды


Ұқсас тақырыптар