Жания Журинская ұры әйелге іздеу салды

Белгілі актриса Жания Журинская «JD studio» сұлулық салонынан әмиян ұрлаған әйелге іздеу салды.

Күдікті әйелдің ұрлық жасаған сәті салондағы бейнебақылау камерасына жазылып қалған.

Бейнежазбада әйелдің сөмкеден әмиянды алып жатқаны анық көрінеді. Ол сұлулық салонына клиент ретінде келген. Жұрттың жұмыстан бас алмай жатқанын пайдаланған ұры сондағы қызметкерлердің бірінің әмиянын қолды қылған.

Жанияның айтуынша, әйел басқа сұлулық салондарында да ұрлық жасаған екен. Актриса көпшіліктен баукеспені табуға көмектесулерін сұрап, өз Instagram-парақшасына оның суретін жариялады.



Ұқсас тақырыптар