Қазақстанда жұмыссыздар саны 65%-ға өсті

1.jpgЕуразиялық экономикалық одақ елдерінің арасында Қазақстанда жұмыссыздың деңгейі жоғары болып отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS-ке сілтеме жасап.

2018 жылы мамыр айының аяғына дейін Қазақстанның халықты жұмыспен қамту қызметі 153,4 мың адамды тіркеген. Бұған Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметтері де айғақ болады. 2017 жылы дәл осы уақыт аралығында бұл көрсеткіш 92,9 мың адамға жеткен.

Осылайша жұмыспен қамту қызметіндегі қазақстандықтардың саны 65%-ға өскен.

ЕАЭО елдері арасында мұндай өсім Қырғызстанда да байқалған. Қырғызстанда 61,6 мың адамнан 64,3 мың адам тіккеліп, 4,4% -ға өскен.

ЕАЭО-ның қалған елдерінде тіркелген жұмыссыздар саны төмендеп отыр. Ресейде бір жылда 13,3%-ға, яғни 730,4 мың адамға дейін, Беларусь елінде 12,2%-ға немесе 68,6 мың адамға дейін азайған.

Еуразиялық экономикалық комиссия мәліметінше, 2018 жылдың мамыр айының соңында одақтағы тіркелген жұмыссыздар саны 1 млн адамды құраған. Бұл 2017 жылдың дәл осы кезеңінен 7%-ға аз.



Ұқсас тақырыптар