Ата Заңым – елдігімнің белгісі

з¦з¦зTзгзфзрзL зезм зу зцзрз-зрз¦.jpg


«...Конституция біздің бостандығымыздың негізі болды. 

Ол біздің жеңістеріміздің,табыстарымыздың

 тәуелсіздік арқылы келген барлық кешенін нығайтады».

Н.Назарбаев


Жиырма үш жыл бұрын, 30-тамызда Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдады. Мемлекетіміз құқықтық-саяси өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне батыл қадам басқан еді. Бұл қатаң қажеттіліктен туындаған шешім болды. Осыншама уақытан бері тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата заң - мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамуына негіз бола білді. Кез келген елдің зайырлы мемлекет екенін, тәуелсіздігін демократиялық құндылығын анықтайтын негізгі құжат – Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары мен міндеттері, құқықтары көрсетіледі. 

Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады екен. Бұл мемлекеттік құрылымды айғақтайтын, елдіктің бастауы болып табылатын құжат бүгінде жиырма үш жасқа толып отыр. Осыншама аз уақыт шеңберінде Конституциямыз уақыттың сынынан сүрінбей өтіп, өзінің еліміздің даму талаптарына лайықтығын жан-жақты дәлелдеді. Ал көптеген зерттеушілердің пікірінше, Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпы адамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік елу конституцияның бірі болып саналады екен. Бұл Ата заңымыздың маңыздылығын көрсетіп, мерейін арта түспек. Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаев:«Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін бізге бүгінгі өмір шындығымен және алдағы уақытпен бірге қадам басып, өткен ұрпақтың іс-тәжірибесі мен жарқын болашаққа деген сенімді жинақтаған Негізгі Заң қажет болды. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы ашық және демократиялық қоғам орнатудың негізгі принциптерін баянды етуге тиіс болатын», - деп жазады өзінің «Қазақстан жолы» атты кітабында. Мұнда елбасымыз тәуелсіздік алған жылдардан кейінгі 1993 жылы қажеттіліктен қабылданған Конституцияның уақыт өте келе өңдеуді талап ететінін  жазды. Сөйтіп, алғаш қабылданған Конституцияның мәні мен маңызын нығайта отырып, мемлекеттік билікті басқару мен экономикалық  реформаны сауатты жүргізуге, сыртқы саясатты қалыптастыру мен дағдарыстан шығуға, ішкі тұрақтылықты сақтауға, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында, заман ағымы мен сұранысына қарай Ата заңымыз 1995 жылы жылы 30 тамызда қайта түледі. Міне, осылайша, саяси, әлеуметтік-экономикалық үдерістен алшақ қаған алғашқы Конституциямыз араға екі жыл салып, өзгерсіке енді.

Тәуелсіздік алған жылдардан кейін еліміздің саяси-экономикалық жағдайы, ішкі тұрақтылық, қорғаныс саласы сын көтермейтін жағдайда еді. Осынау аумалы-төкпелі заманда бүкіл халықаралық жүйеде қалыптасқан қауіпсіздік шаралары жойыла бастады. Кеңес Одағы атты алып империяның күйреуі және осы тұста Кеңес Одағына мүше болған көптеген мемлекеттердің егемендік алып, жаңа халықаралық субьектіге айналуы әлемде жаңа дипломатиялық қарым-қатынастардың қалыптасуына итермеледі. Бұл сәтте тәуелсіз Қазақстан Республикасының алғашқы жылдардан бастап өзін дамыған елдер тарапынан мойындатуы және уақыт талабына сай бірнеше беделді халықаралық ұйымдарға мүшелікке енуінің тарихи маңызы зор еді. Қазіргі таңда жалпы дүние жүзі елдерінің экономикалық және саяси мүдделерінің бір-бірімен астасып жатуы осы заманғы қауіпсіздік жүйесінің сақталуына дәнекер болады. Қауіпсіздік жүйесі ұғымының астарында мақсатты экономикалық мүдде болмаса, оның мықты қауқары болмақ емес. Әлемде қаншама саяси оқиғалар, шиеленістер, келісімдер, қақтығыстар, т.б. толып жатқан форумдардардың ішкі астары бір ғана мүддеге тіреледі. Ғаламдық энергетика дағдарысы мен экстремистік қимылдардың күрт өршуі секілді екі фактор – еліміздегі  қауіпсіздіктің нығая түсуіне себеп болып отыр. 

1990 жылдардың басында Қарулы Күштерімізді құру мен әскери құрылыстың қай бағытын  ұстанамыз деген өзекті мәселе тұрды. Бұл мемлекетіміз үшін де қиын сәттердің бірі болатын. Осы қиын-қыстау кезеңінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың зор көрегенділігінің арқасында ғана қарулы Күштеріміз құрылып, үлкен жетістіктерге жеткенін атап айтқанымыз абзал. Бүгінде біздің әскери басқару жүйеміз нығайтылып, оның құрылымдары үнемі даму үстінде. Әскери құралымдарымыз материалдық тұрғыдан толық қамтамасыз етіліп, үлкен ауқымдағы стратегиялық және тактикалық оқулар жүргізіп тұрады. Қазіргі  таңда Қазақстан Қарулы Күштерінің басты мүддесі -  ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ұттық дербестікті, аумақтық тұтастықты, халықтың өмірін қорғауды кепілді түрде қамтамасыз ету болып табылады. 

Ата заңымыз бүгінгі күннің өміршең талабына толық жауап береді. Қазақстанның Конституциясында мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам жəне оның құқықтары мен бостандықтары делінген. Адамның өмір сүру құқығы бала дүние есігін ашқаннан пайда болады. Оны бұзуға ешкімнің де құқығы, қақысы жоқ. Қазақстанда көптеген этностар мен ұлттардың бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруінің айқын көрінісі Конституциямыздың өзектілігін танытады. Сондықтан да, қарулы Күштеріміздің басты міндеті – тәу етер тәуелсіздігімізді қорғап, елдің ішіндегі тыныштықты күзетіп, этностарымыздың арасындағы татулықты қамтамасыз ету. Тату елде тұрақтылық пен тәртіп тұғырының берік болуы Қазақстан Қарулы Күштерінің мерейлі міндеті.

Радиоэлектроника және байланыс 

әскери-инженерлік институт бастығының

ТжИЖ жөніндегі орынбасары-басқарма бастығы 

подполковник Д.К.Умбетов 



Ұқсас тақырыптар