Сенаторлар Ақмола облысында болды

з¬згз¦з-з-зрзLзтзTз- 2.JPG

Сенат депутаттары Рашит Әкiмов пен Дәурен Әдiлбеков Ақмола облысының бір қатар аудандарында жұмыс сапарымен болды. 

Арашалы ауданында аудандық мәслихат депутаттарымен және аудан  активімен кездесу барысында депутатар Елбасы Жолдауы мен  бес әлеуметтiк бастамалардың iске асырылуы жайында әңгімеледі.

Бес бастаманың iшiндегi газдандыру мәселесі бойынша ауданның магистралды газ жүйесiн өткiзуде Анар, Ақбұлақ, Ижевск, Жiбек жолы, Бұлақсай, Волгодоновка және Қойгелдi елді мекендері кiредi. 

з¬згз¦з-з-зрзLзтзTз- 3.JPG

Сондай-ақ, сапар барысында Р.Әкiмов пен Д.Әдiлбеков «Ольгинское» және «Племхозяйство Аршалы» атты ЖШС ауылшаруашылық кәсiпорындарының ұжымдарымен кездесiп, шаруа қожалықтарының туындаған мәселелерiн тыңдап, сұрақтарына жауап бердi. 

Біржан сал ауданына  жұмыс сапары барысында «Казгер-Құс» ЖШС-нің құс фабрикасында кәсіпорынның технологиялық үдерісімен танысты. Зауытта 240 адам жұмыс істейді, көбінесе жергілікті тұрғындар. Қазіргі кезде мұнда жылына 300 миллион жұмыртқа өндіріледі. Құс фабрикасының жұмыртқа өндірісін тек  Қазақстан ғана емес, алыс және жақын шет елдердің нарықтарына да экспортталады. Депутаттар бұдан соң Невский ауылындағы мектеп құрылысын көрді және өткен жылы салынған «Каз Гер» ЖШС-нің  элеваторы жұмысымен танысты. 

Бурабай ауданында депутаттар облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттарымен, атқарушы органдары мен ұйымдарының басшыларымен кездестi. Кездесу барысында Щучье-Бурабай курорттық аймағының инфрақұрылымын дамыту бойынша мәселелер талқыланды. Аудандық мәслихаттың депутаттары мен атқарушы органдардың басшыларынан Бурабай ауданы Щучинск қаласының инфрақұрылымын жаңғырту бойынша бiрқатар ұсыныстар түстi. Сенат депутаттары бұл мәселелердi назарға алды.

звзхзтзTзTзTз-.JPG

Сенаторлардың жұмыс спары  Қорғалжын ауданында жалғасты. Сапар барысында депутаттар, «Ақжол-2030» және «АФ Жер-888» серіктестіктерінде болып, өндірістік алаңдардың жұмысымен және шөп шабу науқаны барысымен, егін орағы кезеңіне дайындық жұмыстарымен танысты.

Ерейментау ауданындағы депутаттардың жұмыс сапары Новомарковка ауылынан басталды. Тірек елді мекенінде «Жаңа Береке» шаруа қожалығының жұмыс ырғағымен танысты.

Жалпы 3000 бас ірі қара бордақылауға есептелген жаңа кешеннің қасапханасының жұмысына қызығушылық танытты. Сенаторлар игілікке қосылған шет елдік өндірістік желінің заманауи технологиямен мал етін жіліктеу әдістемесіне, өндірістік қуатына, жалпы жұмыс орнының санына, халыққа қызмет көрсету ыңғайына, жұмысшылардың еңбек жағдайына молынан қанықты. Көзбен көрген істің жайына ризашылық ниетпен лайықты баға берді.

змзрзтзLзTз¦з+зэз- 26.07.jpg


Ұқсас тақырыптар