Қазақ «холестерині көп» деп қой етін жемейтін болған ба?

8.jpg

Бүгінгі таңда көп адамдарды қой еті бағалана ма деген сауалдар мазалайды. Адамдардың тамақтану рационының ең маңызды сапалық көрсеткіштерінің бірі – ақуызды тұтыну. Дамыған елдерде адамдар тәулігіне 50 г ақуыз тұтынса, дамушы елдерде бар болғаны 10-15 г, яғни рацион нормасынан 4-5 есе аз ақуыз пайдаланады. Адам ағзасына қажет ақуызды алдымен мал, құс етінен алады. Өсімдіктер құрамындағы ақуыздың сапасы мал еті құрамындағы ақуыздан өзгеше. 

Қазақ ежелден қой етін жеген, қонағына да қой сойған. Жоғарыда қой етінің құрамындағы аминқышқылдарының ара қатынасы өте ұтымды қалыптасқанын айттық. Дегенмен, «қой етінде холестерин көп, оның адам ағзасына зияны бар» деген жаңсақ пікір де бар. Медицина мәліметтері бойынша, адам ағзасындағы холестерин мөлшерінің өте көп болуы қан тамырларында май түйіршіктерінің пайда болуына ықпал етіп, сол арқылы тамырлар тарылып, қан қысымы көтерілген кезде инфаркт, инсульттар орын алатыны белгілі жәйт. Осы орайда, 1 кг қой етінде холестерин мөлшері 36 мг, ал қозы етінде оның мөлшері – одан тағы екі есе аз екенін айту керек. Салыстыру үшін айта кетсек, 1 кг сиыр етінде – 76 мг, ал шошқа етінде – 100-150 мг холестерин болады. Тағы бір айтар уәж, енесінен бөлінген 4-4,5 айлық қозыларды дереу етке сойғанда алынатын қозы етінде енесінің сүті мен жазғы көк шөптің құнары жақсы үйлесіп, оның дәмдік сапасы өте жоғары болады. Құрамындағы амин қышқылдарының арақатынасы жақсы қалыптасқан, ақуыздар мен көмірсулар, сонымен қатар дәрумендер, микро және макро элементтері мол қозы еті нәзік, жұмсақ және дәмді келеді. Бұл етті адам ағзасы жақсы қабылдап, жақсы қорытады.

Әлемнің барлық халықтары, әсіресе, еуропа елдері қозы етін мол пайдаланады. Сондықтан, қой етіне деген сұраныс дүкен сөрелеріндегі қозы етіне байланысты, мақсат осы сұранысты орынды пайдаланып, нарықта өз орнымызды табуға талаптануымыз керек-ау.

 Айбын ТӨРЕХАНОВ,

академик.

Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар