«100 жаңа есім»: Екінші маусым ережесі айтарлықтай өзгермейді

1.jpeg

Орталық коммуникациялар қызметінде «100 жаңа есім» жобасының жаңа кезеңіне қатысушы үміткерлерді Қазақстан бойынша іріктеуге арналған баспасөз-конференциясы өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Шараға «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасы Евгений Кочетов, «Болашақ» РҚ және ЖҚБ «Жастарүні» төрағасы Дәурен Бабамуратов, "Қазақстанның Азаматтық Альянсы" ЗТБ-нің директоры Гамал Түзелбаев, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерация төрағасының орынбасары Ерлан Саиров және «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің директоры Лаура Демесінова қатысты.

«Биыл да «100 жаңа есім» жобасы Қазақстандағы ерекше таланты мен тұлғалық сипатқа ие адамдарды іздеп, жобаға белсене қатысуға шақырады. Аталған жоба кәсіби салада жетістікке жеткен, өз дара жолы өзгеге үлгі болатын адамдарға арналған» - дейді Ерлан Саиров.

Ал осы жылғы конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптың өткен жылғымен салыстырғанда көп өзгешелігі жоқ.

«Негізінен жеке кәсіп иелеріне, жекелеген өндіріс орындарына айрықша мән беріп отырмыз. Бұл конкурсқа қатысушы тұлғаның танылуына, жарнамасының жүйелі жүргізілуіне ықпал етеді деп ойлаймыз» - дейді Дәурен Бабамұрат.


Ұқсас тақырыптар