Брюссельде Қазақстандағы Омбудсмен мекемесінің қызметіне оң баға берілді

10.jpg

Брюссель қаласында  (Бельгия) Еуропалық Одақ пен БҰҰДБ арасындағы жыл сайынғы кеңестер шеңберінде «Орталық Азиядағы заң үстемдігі және адам құқықтары саласындағы өңірлік ынтымақтастық" тақырыбында презентация өтті. Оның жұмысына Орталық Азия елдерінің парламенттерінің, үкіметтерінің, ұлттық құқық қорғау мекемелерінің (ҰҚҚМ), сондай-ақ азаматтық секторының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында өңірлік құқық қорғау ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды, бірлескен жобалар шеңберінде іске асырудың басым бағыттары, сондай-ақ шешілуі өңірлік өзара іс-қимылды талап ететін адам құқықтары саласындағы проблемалық мәселелер мен сын-қатерлер белгіленді.

Қазіргі уақытта Орталық Азия елдерінің ҰҚҚМ-і әріптестіктің, соның ішінде Орталық Азиядағы ҰҚҚМ (CASI NHRI) және құқық қорғаушылардың аймақтық платформасын қолдау жөніндегі бірлескен бастаманың шеңберінде оң тәжірибесін көрсетіп отыр.

Аталған серіктестіктің бастамашысы БҰҰДБ мен БҰҰ АҚЖКБ өңірлік өкілдіктерінің қолдауымен Қазақстан Омбудсменінің мекемесі болып табылады. Серіктестік 2017 жылы Алматыда Орта Азиялық омбудсмендердің кездесуі барысында басталды, ол осы жылдың ақпан айында Женевада ҰҚҚМ Ғаламдық Альянсының жыл сайынғы отырысының шеңберінде осындай кездесуде бекітіліп, онда бірлескен жұмыстың "жол картасы" әзірленді.

Жоғарыда аталған халықаралық ұйымдардың пікірі бойынша, Қазақстан бүгінгі күні адам құқықтарын қорғау саласындағы өңірлік әріптестіктің көшбасшысы болып танылып отыр. Осы тұрғыда Қазақстанның көші-қон және гендерлік саясатындағы, балалардың құқықтарын қорғаудағы оң тәжірибесі оны Орталық Азия елдерінде қолдану мақсатында қарастыруға ұсынылуы мүмкін.



Ұқсас тақырыптар