Елімізде өзінен жасы үлкен қыз-келіншектерге үйленетін жігіттер көбейген

4.jpg

Елімізде жасы келген қыз-келіншектерге үйленетін жас жігіттердің қарасы көбейген. Тіпті жуырда елордада  40 жастағы әйел мен 26 жастағы жігіттің некесі қиылыпты. Мамандар, 2018 жылы мұндай отбасылардың қатары 25 пайызға артқанын айтады. Десе де сарапшылар “бұл некелердің басым бөлігі есеппен құрылады” дейді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Махаббат жасқа қарамайды. Бүгінде елордалық жігіттер өздерінен кіші емес, керісінше кемінде 5-10 жас үлкен бойжеткендерге үйлене бастаған. Оны АХАЖ бөлімінің мамандары да растап отыр. Ең қызығы, мұндай некелердің саны күн сайын артып келеді, дейді. 

“Екеуінің жасының арақашықтығын қарасақ, 5 жыл емес, 2 жыл емес, одан да көп! 75-ші жылғы әйел адам болса, осы тақауда 92-ші жылға ер бала. Яғни, ұлттары қазақ, некеге тұруға өтініш білдірді. Бізде өте көп ондай. Мысалы, 97-ші жылғы ер азамат, қыз бала 89 жылғы.  Оларға біз ешетеңе айта алмаймыз. Артық сұрақ та қоя алмаймыз. Кейбіреуі бір айдан кейін келмей қалып та жатады. 1 ай уақыт беріледі сол кісілерге ойлануға. Кейбір азаматтарымыз келмейді” – дейді АХАТ бөлімінің бас маманы Назира Искакова.

Жасы үлкен бойжеткендерге үйлену трендтке айналғалы қашан. Тіпті,  отандық шоу бизнес өкілдері арасында да мұндай жұптар жиі кездеседі. Мәселен, өзінен 6 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан жайдарманшы Мереке Бауыржанқызы да солардың қатарында. 

“Шынымен мықты жігіт табу қиын. Мен көбінесе жігіттердің мінезіне қараймын. Маған көп сөйлейтін, өзінше бір күлдіргісі келетін, дабырлап қалған жігіттер ұнамайды. Өкінішке орай, ондай жігіттер аз. Кіп-кішкентай бала ғой деп өзім айтып алдым да, бірақ келіп істеп жатқан істері, айтып жатқан сөздерінің барлығы жұрттар 85-87 айтып жатыр да, солардан кем емес» - дейді жайдарманшы Мереке Бауыржанқызы.

Ал келесі жұптың шаңырақ құрғанына сегіз жылдан асыпты. Бақытты отбасы бүгінде екі баланы тәрбиелеп отыр. Әсемгүл отағасы Асқарбектен бірнеше жас үлкен. Бірақ, екі жастың махаббаты берік болғаны соншалық, түрлі қиындықтарға төтеп берген.  

“Басында енді қарсы болды ғой, сосын үйленіп бала болғаннан кейін. Ешкімді тыңдамайсың. Бақытты болсаң болды деді” – дейді қала тұрғыны Асқарбек Есенқайыр.

Десе де, “қоғамда белең алған тренд қазақ менталитетіне жат” деп есептейді Асылгүл Әбіш. Оның пайымынша, керісінше жігіттің жасы қыз баладан үлкен болғаны дұрыс.

“Қазір қоғамда ажырасу көп, жиі болып жатыр. Жас азаматтар, өзінен жасы үлкен әйел баласына үйленсе. Ақыл тоқтатқан, байсалды қызығушылығы бар шығар. Ал негізі әйел адам жасы кіші, ер адамды үлкен болу керек қой. Қазақ менталитетінде ол таңғалатын құбылыс болып есептелінеді” – дейді қоғам белсендісі Асылгүл Әбіш. 

 Десе де, әлеуметтанушылардың мұндай некеге қатысты пікірі екіге бөлінді. Бірі отбасында шынайы сезім болса, екіншісінде материалдық жағдай алда тұрады, яғни арнайы есеппен құрылады, дейді. 

“Енді барлығына топырақ шашуға келмейді бұл жерде, себебі махаббат деген нәрсе қай қоғамда болсын бар. Ұнатып қосылуы да мүмкін. Мысалы, махаббат жасқа қарамайды деп жатамыз. Дегенмен де, бұндай құбылыстың есеппен құрылған неке бағытында жүзеге асып жатқандығын байқауға болады. Екінші бұл адамның жалқаулық сана сезімі. Былайша айтқанда кезде еркектердің өзіне артқан жауапкершіліктен қашуы. Нақты бір жоспарды жүзеге асыра алмауы. Сондықтан өзіне дайынға қол жеткізу” – дейді әлеуметтанушы Есімбек Арғынбекұлы.

Қалай десек те, 2017 жылы мұндай жұптардың 10 пайызы некесін заңдастырыпты. Ал 2018 жылдың соңғы тоғыз айында өзінен жасы әлдеқайда үлкен қыз-келіншекке үйленгендердің қатары 25 пайызға жеткен. 



Ұқсас тақырыптар