Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың 5 артықшылығы

Еліміз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді қолға алды. Халық арасында МӘМС-дың қандай артықшылығы бар деген сұрақ жиі қойылады. Біз бес негізгі артықшылығын атап көрсеткенді жөн көрдік.

8.jpg

Біріншіден, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы Қазақстан аумағында Сіз өзіңіз таңдаған кез келген емханадан медициналық көмек ала аласыз. Бұл жағдайда, емхананың шығындарын толығымен Қор өтейді;

Екіншіден, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттері шеңберінде қарастырылған медициналық көмекке жұмсалатын қосымша төлемдердің барлық түрінен босатыласыз;

Үшіншіден, Сізге медициналық ұйымдарда көрсетілген қызметтерге, Сіздің пайдаңызға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударылған жарналар туралы ай сайын ақпарат алуға мүмкіндігіңіз бар;

Төртіншіден, сапасыз қызмет көрсетілген немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысушы ретінде құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Қор сақтандырылған азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.

Бесіншіден, МӘМС жүйесін енгізу көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.




Ұқсас тақырыптар