Университеттерді түбегейлі өзгертетін кез келді ме?

1.jpg

Бүгінгі таңда бүкіл әлем университеттерінде 150 миллионнан астам студент оқып жатыр. Соған қарамастан, қазір академиялық білімге деген сенім азайып, жоғары білімге қолжетімділікте теңсіздіктер байқала бастады. Бұл мәселе жүйені толығымен өзгерту керек екенін көрсете ме? The Independent басылымының авторлары бұл мәселені зерттеп көрді, деп жазады Baq.kz ақпарат агенттігі.

Кара Бристоль университетіне он жыл бұрын тастап кеткен оқуын жалғастыру мақсатында 34 жасында келді. Ауызша емтихан барысында ол теориялық білімге қатысты сұрақтарға құлшына жауап берген жоқ. Дегенмен, әдебиет туралы, пьеса жазу туралы ашық әңгіме болған кезде, оның жанарында от пайда болды. Профессор сол сәтте Караның университет үшін жаралмағанын, ешқандай біліктіліксіз-ақ оның биіктерден көріне алатынын білді.

Бүгінде бүкіл әлем бойынша 17 мың жоғары оқу орнында 150 миллионнан астам студент бар. Бірақ бұл студенттердің қатарында өзі ұнатпайтын мамандықты алу үшін оқып жатқаны қаншама. Тіпті, араларында өздерінің университет үшін жаралмағандарын білетіндері де баршылық. Ал жоғары білімнің қолжетімділігіне келер болсақ, кедей тап өкілдері, этникалық топтар мен жергілікті халық арасындағы көрсеткіш әртүрлі. Мысалы, әр екінші америкалық жоғары білім алып жатса, қара нәсілділер арасында әр алтыншы адам жоғары оқу орнында оқиды. Ал Мексиканың байырғы халқының тек 1 пайызы ғана университетке барады. Ұлыбританияда 2008-2014 жылдары 25-29 жас аралығындағы байлардың төрттен үші төрт жылдық жоғары білім алған. Ал бұл жылдары кедей тап өкілдерінің тек үштен бірі ғана жоғары білім алып шыққан.

Сонымен қатар әйелдердің жоғары білімге қолжетімділігі артқанымен, бұл жүйедегі гендерлік теңсіздік те баршылық. Себебі академиялық білім сатысы жоғарылаған сайын әйелдердің саны азая беретінін байқауға болады. Әсіресе, профессор деңгейіне жеткен әйелдер көрсеткіші жлдан жылға азайып барады.

ЮНЕСКО-ның жақында жариялаған баяндамасындағы мәліметтерге сенсек, бакалаврда оқитын әйелдер мен ерлердің көрсеткіші бірдей. Бірақ докторантурада оқитын әйелдер саны аздау. Сондай-ақ табысы аз мемлекеттерде 3,3 миллион әйел студент бар.

Ұлыбританияда да кез келген мемлекеттердегідей, Кара сиқты қалаған оқуына түсіп, белгілі бір себеппен ол оқудан бас тартқан, кейін араға уақыт салып білім жолына қайтып келген студенттер баршылық. Дегенмен, Кара білімге 30 жасында қайтып келді де, уақыт өте келе білімдегі шектеулердің де көбейіп кеткенін байқады.

2010 жылдан бері Англияда толық емес жұмыс күнінде істейтін студенттер саны 61 пайызға азайды. Бұған да оқу орындарының әсері баршылық. Яғни, жұмыс істеу үшін де оқуын тастап жатқандар жоқ емес. Дегенмен, университеттерден шығарылған студенттер кейін жұмыс орындарында өзін аутсайдер саналатыны дәлелденген.

Жалпы, Ұлыбританияда қытай мен үндістерден басқа этникалық топтар үшін оқу орнының талаптары басқа болады. Бұл тек жеке тұлғаларға ғана емес, қоғамға да, білім мен тәжірибеге де ететіні сөзсіз.

Жоғары білім туралы дебаттарда университеттердің тым коммерциялық сипатқа өтіп бара жатқаны жиі айтылады. Сонымен қатар жоғары оқу орындарының қоғамнан оқшау екені, яғни, кей тұстарда алынған білімнің қоғам талаптарына сай келмей жататыны да көп талқыланады.

Мысалы, Ұлыбритания университтерінде 1970 жылдар алтын дәуір саналады. Бұл жылдары оқу орындарында гранттар көп болып, ешқандай қосымша қаржы жиналмаған. Сонымен қатар жаңа университеттердің ашылуы жоғары оқу орнына деген қолжетімділікті арттырған. Ең бастысы, жоғары оқу орындарындағы жүйеге мемлекеттің араласуына жол берілмеген.

Бүгінгі таңда университеттер қоғамдық сенімнен айырылып жатқандай. Бұл сын тек оқу орнының сапасына ғана емес, ондағы тәжірибеге де қатысты айтылады. Яғни, бұл дағдарыстан құтылу үшін университеттерге түбегейлі өзгеріс жасап, оқу орны жүйесінің құрылымын, пішінін өзгерту қажет етіледі.

Қазіргі білім жүйесі кәсіби өмірдің сипаты мүлдем басқа болған кезде пайда болған еді. Ал қазіргі кәсіби кеңістікке сол кездердегі жүйенің дәл келетіні күмән туғызатыны рас. Бүгінгі таңда төртінші өнеркәсіптік революция жұмыс істеп жүрген адамдарға басымдық беріп, оларды қайта дайындау немесе жаңа әрекеттерді үйретуге сұранысты арттыратыны анық. Бұл ретте жылдам технологиялық және экономикалық өзгерістер мектеп бітіре салып жоғары білім алуға ғана көп мән берудің қажет болмай қалатынын көрсетеді.

Бүкіләлемдік экономикалық форумның 2017 жылғы баяндамасында сауалнама жүргізіліп, оған қатысқан адамдардың төрттен бірі өздерінің қазіргі жұмысындағы біліктілігі мен тәжірибелерінің болашақта мүлдем қажет болмай қалады деп есептейтіні айтылған. Сонымен қатар 2020 жылға қарай түрлі салалардағы қазіргі мамандықтардың 35 пайызының талаптары өзгереді деп күтілуде.

Мұндай өзгеріс жылдамдығы артпаса, кемімек емес. Яғни, жоғары білікті және жалақысы жоғары жұмыс орнында істейтін қызметкерлер мен біліктілігі төмен мамандықтар арасында теңсіздік пайда болады. Басқаша айтар болсақ, білімін одан әрі жетілдіріп, жоғары білім ала алмайтындар экономикалық тұрғыда да өсе алмайды.

Университеттер моделін қалай өзгертуге болады?

«Университет деген кім?» атты кітапта Ұлыбритания университеттерін қалай ұйымдастырып, нендей өзгерістер енгізуге болатыны туралы 33 жаңа идея ұсынылған. Бұл өзгерістер жоғары білімді өмір бойы кез келген жаста алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл идеялар университеттердің қаржыландыруын да түбегейлі өзгертеді. Сонымен қатар, ең бастысы, жоғары білімге қолжетімділіктің ешқандай әлеуметтік-экономикалық және мәдени топтарға бөлінбеуіне мүмкіндік туғызады. Бұл өзгерістер университеттің сипатына терең әсер етіп, тәжірибе алмасу тереңдігіне басымдық беретін болады. Мұндай өзгерістер тек университеттердің өзін ғана емес, жоғары білімді де өзгертетіні сөзсіз.

Кітаптағы идеялардың ішінен біз бірнеше ұсынысты жеке қарастырып көрсек:

Модульдің құрылымын өзгерту. Қазіргі академиялық білім деңгейі құрылымын алып тастап, оның орнына модульдерге мән беру. Осылайша студенттер өздеріне қажетті модульге ғана кредит жинайтын болады;

Білімнің соңы болмайды. Жаңа модульдік құрылымда оқуға қабылдауда ешқандай өзгеріс жоқ болып көрінгенімен, бұл «университет бітіру» терминін жоюға негізделген. Яғни, қажет кезде кез келген адам өмір бойы оқуын қалауынша жалғастыра алады;

18 жастан асқандар толық оқып, түрлі формада білім алады. Дегенмен, академиялық деңгей ерекшеліктері білінбейтін болады.

Сырттай оқудың қалыпты жағдай ретінде қабылдануына басымдық беру. Студенттердің көп бөлігі бәрібір жұмыс істейді. Ал бұл жүйе студенттерге толқ күн жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Білім алуға қолжетімділік ашық болады. Мемлекеттегі кез келген жеке тұлға, оның ішінде босқындар да білім алуға 60 кредит ала алады. Одан әрі ешқандай біліктіліксіз тегін оқу оқи алады.

60 кредитті меңгерген кез келген адам алған білімінің практикада қолданғаны туралы дәлел келтіруі керек.

Алғашқы деңгейдегі 60 кредит толығымен тегін болады.

Университеттегі ұстаздарды қаржыландыру халықтык білім алуына қатысты салығынан төленетін болады. Алғашқы алпыс кредит тегін алынғанымен, бара бара салық көлемі де арта береді.

Студенттерге арналған арнайы тұрғын үй моделін құру. Студенттер қысқартылған жұмыс күнінде істеп, оқуд қатар алып жүретін болады. Бірақ студенттік және әлеуметтік тұрғын үй моделі біріктірілетіндіктен, студенттер резиденцияда ақылы немесе ерікті түрде жұмыс істейді.

Кішкентай балаларды қарау. Студенттер, қзметкерлер мен ұстаздардың кішкентай балалары да оқу орнының қамқорлығына алынады.

Танымал педагог Е. П. Томпсон демократия қоғамда университеттердің әртүрлі тәжірибелерден өткеніне байланысты болатынын жазды. «Тәжірибе тек идея күйінде қалып қоймай, ол жүзеге асырлса, университеттер нағыз демократияны туғызады», деді ол.

Жақында Ұлыбританияда болған жағдай көзқарастардың өзгеше болуына жоғары білімнің қаншалықты әсері барын көрсетті. Саяси жағдайдағы 2016 жылғы Брексит пен 2017 жылғы сайлау да қиын жағдайда өтті. Екі жағдайда да дауыс беруде екі түрлі көзқарас болды. Ең бастысы, адамдардың көзқарасы білім деңгейіне байланысты ерекшеленді. Дэвид Рунсиман: «Брексит кезінде жоғары білімді халықтың көбі Брекситті қолдаса, қалғандары қарсы шыққан. Қазіргі таңда адамның жасы да, әлеуметтік жағдайы да маңызды. Бірақ кез келген жағдайда білімі одан да маңызды бола бермек», деді. Осыған ұқсас статистика 2016 жылы АҚШ−та өткен сайлауда да байқалды. Яғни, білімнің демократиялық функциясы зор.



Ұқсас тақырыптар