Президент полицейлердің жалақысын көтеруді тапсырды

6.jpg

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауында құқық қорғау саласында оңтайландыру шараларын жүргізуді жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президенттің айтуынша, келесі жылдан бастап құқық қорғау органдарының жұмысын жаңғырту бағдарламасы басталады. Соның аясында ішкі істер органдарының штаттық құрамы оңтайландырылады. «Полицияға қажетсіз функцияларды бермеу керек. Әйтпесе, полиция анда, полиция мында, бүкіл жерде полиция. Полицияның негізгі міндеті - қоғамдық тәртіпті сақтау. Болды. Оған күзет, анау-мынауды ілмеу керек. Осыны шешетін уақыт болды ғой. Сосын басшылар көп, 12-15 жоғары оқу орны бар. 5 универсиетті ғана қалдыру қажет. Ал үнемделген қаржыға полицейдің жалақысын көтеру керек. Жетпей жатса, тағы көре жатармыз. Полицейлердің баспана және тағы басқа мәселелерін шешуіміз керек», - деді Н. Назарбаев.


Ұқсас тақырыптар