Дінаралық үнқатысу – тұрақты дамудың үлгісі

дин 2.jpg

Еліміз тәуелсіздік алған 27 жылдың ішіндегі ең ірі жеңісіміз бен маңызды жетістіктеріміздің бірі – елімізде діни наным-сенім бостандығының, діни еркіндіктің толық бекуі, оның ішінде дінаралық татулықтың өркендеуі бұл тәуелсіздіктің бізге берген бақыты, үлкен сыйы десек, артық айтпаймыз. 

Қазақстан конфессиялық сан алуандығымен ерекшеленетін келісімді діни қатынастардың жоғары деңгейіне қол жеткізген әлемдегі азын-аулақ елдердің қатарына кіреді. 

Бүгінгі күні елімізде бірлігі мен ынтымағы жарасқан, мақсаты мен мүддесі де ортақ 130-дан астам ұлт пен 18 конфессия өкілдері тату-тәтті бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатыр. 2006 жылдан бастап Елімізде Құрбан айттың бірінші күні мен православиенің Рождествосы 7-ші қаңтар демалыс күндері болып бекітілді. 

Еліміздегі қоғамдық-саяси өмірде діннің игілікті рөлінің арта түсуі, оның имандылық, рухани және әлеуметтік функцияларының күшеюі, елдегі ішкі саяси тұрақтылық пен ұлтаралық, дінаралық келісімнің нығаюы деп білеміз. 

Қазақстанның конфессияаралық келісімдегі құнды тәжірибесі әлемге үлгі болуда. Оған бірден-бір себепкер Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2003 жылдан бастап Астанада өтіп келе жатқан бүкіл дүние жүзінің қолдауымен әлемдегі бейбітшілікті нығайту, діндер арасындағы диалогтық түсіністікті арттыру мақсатындағы «Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің» бес Съезінің өтуі соның жарқын көрінісі. Съездерге қатысқан әлемдік және ұлттық діндердің басшылары Қазақстанда дінаралық диалогты қолдаудағы, бейбітшілік пен ынтымақтастық идеалдарынан алатын тәжірибе мен үлгінің мол екендігін, рухани келісім мен дінаралық төзімділікті қалыптастырудағы өнегесі әртүрлі дінге сенушілердің ойынан шыққанын атап өткен болатын. Діндер мен мәдениеттер арасындағы жаһандық диалогты ілгерілетудегі Астана Съезінің үлгісі мен үлесі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының қарарларында атап көрсетілді. Діндер үнқатысуын қамтамасыз ету, діни төзімділікті, діни тағаттылықты нығайту – Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының шешуші басымдықтарының бірі болып табылады. Осындай әлемдік дәрежедегі үлкен діни форумдардың біздің елде өтуінің өзі – елімізге, жалпы қазақ халқына, біздің Президентімізге деген үлкен құрмет және зор сенім. Бүгінде сол сенімді толық ақтап келеміз. 

Ағымдағы жылдың 10-11 қазанында Астанада жоспарланып отырған Алтыншы Съезд тақырыбының «Діни лидерлер қауіпсіз әлем үшін» деп таңдалуды да бекерден-бекер емес. Соңғы жылдары әлемде орын алып жатқан саяси жағдайлардың дінді құрал есебінде пайдалануларының алдын алу маңызды әрі өзекті. Қазір әлем өз еркін көпшілікке таңу үшін әрекет етуші лаңкестердің кесірінен діни және этникалық негізде бөлшектеніп барады. Осылайша адам қоғамындағы тұрақтылыққа қауіп төнуде. Енді кезекте діни басшылар тек өз дінімен шектеліп қалудың күні өткенін түсінуі тиіс. Әлем қауіпсіз болуы үшін адамдардың көзқарасы, қарым-қатынасы соған лайық болуға тиіс. Өз лидерлері, дінбасылары және уағызшылары арқылы діндер дүниені қауіпсіз етуге маңызды үлес қоса алады. 

Елбасының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде барша діни лидерлер үшін де басымдық болып саналатын қауіпсіз, әділетті және әл-ауқатты әлем құрудың нақты жолы көрсетілді. Діни жетекшілердің көбінің арманы да – сондай әлемде өмір сүру. Бұл құжат тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл дүниежүзі тұрғындарының бақуатты өміріне арналған. Сондықтан барлық діни лидерлер манифестің жүзеге асуына бір жағадан бас бір жеңнен қол ұшын созатыны кәміл сенеміз.



Ұқсас тақырыптар