Әншілер мен ақындар халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істеді

IMG_5310.JPG

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы облысы бойынша филиалы Талдықорған қаласындағы МХҚО-да  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері- Қанат және Айтгүл Құдайбергеновтар, айтулы ақын – Айтақын Бұлғақов автожүргізушілерге қызмет көрсетіп, куәлікті онлайн ауыстыруға және көлікті онлайн рәсімдеуге шақырды.

Сондай-ақ қызмет алушыларға өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында мемлекеттік қызметтерді онлайн алу жолдарын көрсетіп, азаматтарды цифрлы сауатты болуға шақырды. Мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келмей-ақ, электронды үкімет порталы арқылы онлайн алуға үндеді.

«Елімізде цифрландыру бағытында көптеген жұмыстар қолға алынып жатыр. Үйден шықпай-ақ қызметті алуға толық мүмкіндік жасалған. Бүгін  біз қызметтерді онлайн алудың еш қиындығы жоқ екендігін көрсетудеміз. Сонымен қатар ХҚО қызметкерлерінің жұмысының оңай емес екенін өзім басымнан өткеріп түсіндім. Халықпен күнделікті қоян-қолтық жұмыс жасау оңай шарауа емес»,- дейді Қанат Құдайбергенов. Ал Айтақын Бұлғақов азаматтардың сұрағына өлең шумақтарымен жауап беріп, тәнітті етті:

 ЦОН да болса жұмысың,

 Жеделдетіп бітірер,

 Электронды барлығы

Жайымыз жоқ күттірер.

Қызмет алушылар танымал тұлғалардың қолынан анықтама алып қана қоймай, мүмкіндікті пайдаланып, естелікке фотоға түсіп жатты.



Ұқсас тақырыптар