Биыл 50 пәтерлік тұрғын үй жыл соңына дейін қолданысқа беріледі – Қапшағай қаласының әкімі

фото акима Кайнарбекова Т.К..jpg

Қапшағай қаласының әкімі Талғат Қайнарбеков: 

Барлық қапшағайлықтар Елбасының еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналған Жолдауын мұқият тыңдап, ондағы баршамызға міндеттелген тапсырмаларды бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай жұмыла іс-жүзіне асуына бір кісідей ат салысарымыз сөзсіз. Әсіресе, спортпен айналысып, жастарды салауатты өмір салтын құруға шақырды. Бұл жолында Қапшағай қаласында 2 жылдан бері 30-ға жуық аулалар жөндеу жұмыстарынан өткізіліп, балаларға арналған ойын және футбол, баскетбол алаңдары жасалып келеді. Биылда осы мақсаттағы жұмысымыз жалғасып, тағыда 29 аула ретке келтіріліп, халық игілігіне беріледі. Онымен қоса, тұрғындарды үймен қамтамасыз ету жұмысыда қолға алынған. Биыл 50 пәтерлік несиелік жаңа көп қабатты тұрғын үй жыл соңына дейін қолданысқа берілмек. Алдағы уақытта осы жағындағы іс жалғасады. 



Ұқсас тақырыптар