«Серпін» бағдарламасының түлектері оқыған өңірлерінде жұмыс істейтін болады – министр

1.jpeg

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін бейсенбіде өткен Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова «Еңбек» бағдарламасының еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен дағдылар бойынша жаппай оқытуды көздейтін бірінші бағытын іске асыру мақсатында оқуды аяқтаған адамдарды толық жұмысқа орналастыруды қаматамасыз етуге бағытталған жаңа тетіктерді атап өтті.

«Біріншіден, оқу орталықтары мен оқу орындарында талаптарды күшейту ұсынылады. Атап айтқанда, тиісті материалдық-техникалық базаның болуы, дуальді оқыту элементтерін пайдалану және оқуды бітірушілердің кемінде 60 пайызын жұмысқа орналастыру. Екіншіден, оқыту ұйымдарын сапалы құраммен қамтамасыз ету мақсатында «Атамекен» ҰКП оқу орталықтары мен оқу орындарының реестерін қалыптастыруды қарастыруда. Үшіншіден, еңбек нарығына сұранысқа ие кәсіптер бойынша оқытуды қамтамасыз ету мақсатында қысқа мерізімді кәсіптік оқыту үшін сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылардың тізбесін кеңейту және бекіту көзделеді», - деп атап өтті министр.

Төртіншіден, ұлттық экономика салаларын цифрландыру және технологиялық жаңғырту жағдайында 4.0 Индустриясы үшін еңбек ресурстарын даярлаудың жаңа механизмі ұсынылады. Ол үшін жұмыс берушілерге жұмыскерлерді оның ішінде қысқартылған жұмыскерлерді қайта даярлауға мүмкіндік беріледі, бірақ оқудың кемінде 50 пайызын қаржыландыру керек. Қазіргі уақытта ірі кәсіпорындармен 694 Жол картасы жасалады және қысқартылатын жұмыскерлер осы бағыт аясында кадрларды қайта даярлау курстарынан өту мүмкіндігіне ие болады.

«Бесіншіден, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы бойынша жоғары, техникалық, кәсіптік білімі бар кадрларды дайындау бойынша мемлекеттік қолдау шаралары біріктірілді, түлектер оқыған өңірлеріне жұмыс істеуге жіберіледі. Бағдарламаның екінші бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамытуды көздейді», - деді ол.



Ұқсас тақырыптар