Қазақстанда ВИЧ инфекциясы ең көп тараған аймақтар анықталды

2.jpg

Аймақтар ВИЧ инфекциясының таралуы бойынша ең көп таралған, орташа таралған және аз таралған деп үш топқа бөлінеді. Бұл туралы Астана қаласы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас дәрігері Сәбит Бекмағанбетов айтты.

«Ақтау, Атырау, Қызылорда ВИЧ инфекциясы аз таралған аймақтарға жатады. Ол жақта бұған қатысты көрсеткіш орташа есеппен бар болғаны 3% құрайды. Қостанай, Жамбыл орблыстарында ВИЧ дерті орташа тараған. Ал ең көп тараған аймақтарға Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы, Астана қалалары жатады», - дейді бас дәрігер.

ВИЧ инфекциясы көп тараған аймақтар ішінде Астана қаласы ең соңғы орында тұр.

«Бұл жақсы көрсеткіш. Былтыр Астана қаласы бойнша тоғыз айда ВИЧ инфекциясын жұқтырған 170 адам анықталса, биыл тоғыз айдың көрсеткіші бойынша 150 адам анықталып отыр», - дейді Сәбит Бекмағанбетов.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылдың 15 қарашасы мен 15 желтоқсаны аралығында «Өз мәртебеңді біл» үндеуімен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқанын жариялады. Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен ЖИТС орталығы осы науқанға қосылып, алдын ала тексеруден өтудің маңызды екенін ескертуде.

BAQ.KZ


Ұқсас тақырыптар