Хан Шатыр келушілеріне арналған «Қолжетімді ХҚКО»

photo_2018-02-24_19-18-44.jpg


Ойын-сауық орталығына келушілер бүгін бос уақыттарын кетірмей мемлекеттік қызмет түрлерін ала алды. «Қолжетімді ХҚКО» акциясын Астана қаласындағы «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында Астана қаласы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті өткізді.

Қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысқан қайырымдылық концертінде,  ХҚКО қызметкерлері  кеңес көрсетіп,  электронды-цифрлық қолтаңба берді.

Естеріңізге сала кетсек, өткен демалыс күндері «Қолжетімді ХҚКО» акциясы «Mega Silk Way» ОСО-да өткізілген. Сондай-ақ жоба аясында Астанадағы қалалық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» өкілдері мемлекеттік мекемелерге, орта мектептерге және ірі сауда орталықтарына барып, онда электрондық цифрлық қолтаңбаны беріп және азаматтарды электрондық үкімет порталында мемлекеттік қызметтерді алуға үйретеді. Акция жылдың бірінші жарты жылдығына дейін жалғасады.



Ұқсас тақырыптар